Оқиға

Таиландта айыпталған қазақстандықтарға қатысты сыртқы істер министрлігі пікір білдірді

Таиландта италиялық азаматты ұрып-соқты деп айыпталып жатқан үш қазақстандық азаматтың оқиғасына қатысты сыртқы істер министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Таиландтағы жергілікті БАҚ-тың мәлімдеуінше, отандастарымыз ресейлік ММА жұлдызы Хусейн Асхабов пен оның егізі Хасан Асхабовпен бірге шипажайлардың бірінде италиялық азаматтың вилласына басып кірген. Қыр көрсетіп, 155 миллион теңге шамасындағы ақшасын, қымбат сағат, соңғы үлгідегі көзілдірігін және өзге де бағалы бұйымдарын алып кеткен.

Күдіктілердің әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қарақшылық шабуылды ағайынды Асхабовтардың ұйымдастырғаны айтылуда. Ал қазақстандықтардың анықтау шарасы жүргізілуде дейді.

Дегенмен сыртқы істер министрлігі бұл жағдайдан бейхабар екенін мәлімдеді.

Таиланд билігінен ресми түрде мұндай ақпаратты алған жоқпыз. Тергеуді сол жағдай болған мемлектетің құқық қорғау органдары жүргізеді. Оған  араласуға құқығымыз жоқ. Егер ақпарат расталса, мән-жайды анықтап, отандастарымызға көмектесуге тырысамыз. Мейлі, олар қылмысқа барса да…,

деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін UFC файтері Қазақстан азаматтарымен бірге Таиландта адам ұрлап, оны азаптады деген күдікке ілінгені хабарланды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago