Таиландта экс-полицей 24 баланы атып кетті

Таиландтың солтүстік-шығысындағы Нонгбуа Лампху провинциясындағы балалар орталығында болған атыстан қаза тапқандардың саны 36-ға жетті. Оның ішінде 24-і бала.

Таиландта бұрынғы полиция қызметкері балабақшаға тал түсте кіріп, оқ жаудырған. Ең алдымен қаскөй орталықтың төрт қызметкерін өлтіріп, артынша балалар ұйықтап жатқан бөлмеге бет алған. Қаскүнемнің қолынан қаза тапқандардың ішінде балалар мен тәрбиешілер бар. Бұл туралы жергілікті БАҚ пен полиция мәлімдемесіне сілтеме жасап Reuters хабарлады.

Жергілікті Khaosod газетінің хабарлауынша, тағы 12 адам жараланған, оның 8-інің жағдайы ауыр.

Атысты шабуылды подполковник Паня Хамраб ұйымдастырған. Мәліметтерге сүйенсек, экс-полицей есірткі қолданғаны үшін жұмысынын қуылған екен.

ашық дереккөзден

Оқиғадан кейін ол ақ түсті Toyota Vigo жүк көлігіне отырып, ізін суытқан. Басқа мәліметтерге қарағанда, ол өзінің әйелі мен баласын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Қазір оның бұл әрекетінің себептері анықталуда.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago