Categories: Оқиға

Таиландтағы екі қазақстандықтың өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландта қаза тапқан екі қазақстандық азаматтың өлімінің жай-жапсарын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыған дейін отандасымыздың комаға түскені туралы жазған болатынбыз. Белгілі болғандай, екі күннен кейін дәл осы елде тағы бір қазақстандық дәл осындай оқиғаға тап болған. 

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысының айтуынша, 1 маусымда Қазақстан азаматы суға түсуге қойылған шектеуді елемеген.

Жағалау жабылды, қызыл жалаулар ілінді, сол күні ешкім суға түскен жоқ. Расталмаған мәліметтер бойынша, ол өзінің құрбысын құтқармақ болыпты. Құтқарушылар оны судан алып шығып, алғашқы көмек көрсеткен, артынша келген медицина қызметкерлеріне тапсырыпты. Ол ес-түссіз ауруханаға жатқызылды,

деді Айбек Смадияров.

Әрі қарай, оның айтуынша, елге зардап шегушінің анасы мен әкесі келген. Қазақстан консулы оларды дереу Пхукетке апарып, дәрігерлермен кездесті.

Таиланд дәрігерлері бастапқыда тасымалдауға қарсы болды. Оны Қазақстанға тасымалдау мәселесін Қазақстандағы әпкесі көтерді,

деді СІМ ресми өкілі.

Олар науқасты туған еліне жеткізе алмай, 4 маусым күні кешке оның жүрегі тоқтаған. Ал бір күн бұрын дәл сол жағалауда Қазақстанның тағы бір азаматы қаза тапты.

Ол да барлық тыйымдарға қарамастан суға түсуге барған, оны үлкен толқын басып қалды. Қазір консул туыстарына қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесуде. Жақын арада олардың денесі Қазақстанға жеткізіледі,

деді Айбек Смадияров. айтты.

Ол Таиланд полициясы мен құтқарушылардың мәліметінше, мұндай әрекеттерге көбінесе ТМД елдерінен келген туристер баратынын айтты.

Біз азаматтарымызды өздері келетін елдердің заңдары мен ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз,

деді СІМ баспасөз хатшысы.

Осыған дейін, Таиландта суға батқан қазақстандық жігіт көз жұманы туралы жазған едік.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago