Тайландқа барған екі шымкенттік денге қызбасын жұқтырып келді

Денсаулық сақтау министрлігі Таиландтан келген екі қазақстандық денге қызбасын жұқтырып келгенін мәлімдеді. Шымкент әуежайында шетелдік рейстерге бақылау күшейтілді. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Шымкент әуе айлағында бортсеріктер нұсқаулыққа сәйкес әрекет етуде.

Компанияда департаменттің тиісті бөлімшелеріне арналған нұсқаулық бар, онда ауру кезіндегі әрекеттер сипатталған. Сонымен қатар бортсеріктер жұқпалы аурулар кезіндегі іс-әрекеттер бойынша жыл сайынғы жаттығулардан өтеді және мұндай жағдайдан кейін әуе кемесі дезинфекциядан өтеді,

деді Air Astana АҚ Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Тілек Әбдірахымов.

Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гуля Кембаеваның айтуынша, қазіргі уақытта науқастарды анықтау және медициналық көмек көрсету мақсатында барлық іс-шаралар күшейтілген, санитарлық кіру пункттерінде шетелден келгендердің дене температурасын қашықтықтан өлшеу арқылы мониторинг жүргізіледі.

Денге қызбасы – адамдарға масалардан берілетін вирустық инфекция. Ол тропикалық және субтропикалық климаты бар аймақтарда жиі кездеседі. Денге ауруы бар науқастардың көпшілігінде ауру асимптоматикалық немесе жеңіл симптомдармен жүреді және екі апта ішінде жағдай жақсарады. 

Қорғаныс киімін киюді, масалардың шағуын болдырмау үшін масаларға қарсы репелленттерді қолдануды ұсынамыз, сонымен қатар терезелер мен есіктерді жабуды, масалармен күресуді ұсынамыз,

деп мәлімдеді көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гуля Кембаева.

 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago