24 мамырда қазақтың маңдайына біткен тұлға, әлемге танымал әнші, музыкант, артист Димаш Құдайберген 29 жасқа толды. Туған күнін әншінің өзі ғана емес, бүкіл әлемдегі Dears қуана тойлап жатыр. Димаш болса, жанкүйерлеріне алғыс ретінде тосынсый дайындап қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Туған күнінде Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңындағы экраннан көрінді. Әншінің жанкүйерлері оны осылай құттықтады.
Сәлем, Таймс-сквер! Сәлем, әлем! Сәлем, 29 жас! Барлығыңызға осыншама үлкен құрметтеріңізге көп рақмет,
деп жазды Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасына.
Әншіні Instagram-да әлемге белгілі тұлғалар да құттықтап жатыр.
Сонымен қатар ол бірер күн бұрын 24 мамыр — туған күні қарсаңында «Өмір» атты жаңа ән, жаңа бейнебаян шығатынын айтқан еді. Әншінің сөзінше, туынды өзінің өмірі жайында.
Құрметтілерім, Астана уақытымен сағат 20:00-де музыкасы мен сөзін өзім жазған «Өмір» әніне түсірген бейнебаянымның тұсауы кесіледі. Менің өмірімнен бұрын жарияланбаған кадрлар да осы бейнеклипте болады. Сіздер жыл сайын менің туған күніме ең керемет сыйлықтар жасайсыздар. Өз кезегінде бұл музыка сыйлығын сізге махаббатыңыз үшін ризашылығымның белгісі ретінде қабылдаңыз,
деді Димаш.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…