Таймс-сквер және жаңа бейнебаян: Димаш Құдайберген 29 жасқа толды

24 мамырда қазақтың маңдайына біткен тұлға, әлемге танымал әнші, музыкант, артист Димаш Құдайберген 29 жасқа толды. Туған күнін әншінің өзі ғана емес, бүкіл әлемдегі Dears қуана тойлап жатыр. Димаш болса, жанкүйерлеріне алғыс ретінде тосынсый дайындап қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туған күнінде Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңындағы экраннан көрінді. Әншінің жанкүйерлері оны осылай құттықтады.

Сәлем, Таймс-сквер! Сәлем, әлем! Сәлем, 29 жас! Барлығыңызға осыншама үлкен құрметтеріңізге көп рақмет,

деп жазды Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасына.

Әншіні Instagram-да әлемге белгілі тұлғалар да құттықтап жатыр.

Сонымен қатар ол бірер күн бұрын 24 мамыр — туған күні қарсаңында «Өмір» атты жаңа ән, жаңа бейнебаян шығатынын айтқан еді. Әншінің сөзінше, туынды өзінің өмірі жайында.

Құрметтілерім, Астана уақытымен сағат 20:00-де музыкасы мен сөзін өзім жазған «Өмір» әніне түсірген бейнебаянымның тұсауы кесіледі. Менің өмірімнен бұрын жарияланбаған кадрлар да осы бейнеклипте болады. Сіздер жыл сайын менің туған күніме ең керемет сыйлықтар жасайсыздар. Өз кезегінде бұл музыка сыйлығын сізге махаббатыңыз үшін ризашылығымның белгісі ретінде қабылдаңыз,

деді Димаш.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago