Руханият

Талақ деп тастап кететін еркектер қайдан шықты?

Біз діни емес, зайырлы мемлекетте тұрамыз. Ата-заңымызда «талақ» деген ұғым түгілі, сөз де жоқ.

Алайда соңғы кезде талақ деген сөзді келіншектерден жиі еститін болдық.

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген қоғамдағы өзекті проблемалардың бірі «талақ айтуға» қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналиске оқырмандарының бірі «күйеуім үш рет талақ айтты, барар жерім жоқ, үйді босатуға міндеттімін бе?» деп сауал жолдаған.

Біздің зайырлы қоғамдағы заңымызда мұндай ұғым атымен жоқ, сондықтан күйеуіңіз 3 рет, тіпті 30 рет тақылдап талақ айтса да, сіз үйден кетуге міндетті емессіз.

«Талақ айттым» деп тастап кететін еркектерге де алтын сырға. Жұбыңыз жараспаса, заңмен шешіңіз. Ажырасудың АХАЖ бөлімі арқылы жасалатын өзінің процесуалдық рәсімі барын ұмытпаңыз. Ал некеңіз ресми жойылған соң, үйленгеннен кейін алынған дүние-мүліктің бәрі де теңдей бөлінуі керек.

Еркектер, талақ айтып, оп-оңай тастап кетемін деп құтырмаңдар.

Талақ, талақ, талақ… деген үш сөздің неге біз үшін мәні бар болып қалды?

Кезекті «Сіңіліме сыр» айдарында осы «талақ» тақырыбын қозғауды жөн көрдім. Шыны керек, өзім осы талақ десе, қатты ашуым келеді екен… Әйелдер-ау, сіңлілерім, біз діни емес, зайырлы мемлекетте тұрамыз. Ата-заңымызда «талақ» деген ұғым түгілі, сөз де жоқ. Сондықтан, бос сөзге бас ауыртпаңдар,

деп жазды журналист.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago