Әлеуметтік желіге шолу

«Талант бар, домбырасы жоқ»: Әлеуметтік желіні шулатқан жаңа тренд

Соңғы уақытта елде домбыраға қатысты даулы пікір таралды. Қасиетті аспапты арамға теңеп, харам ой әкеледі дегендер де болды. Соған жауап па, әйтеуір әлеуметтік желіде «шерте білсең бәрі болады» деген трендке толды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Трендте азаматтар қазақтың күйлерін домбырасыз ойнайды. Яғни қолына түскен кез-келген затпен күйдің әуенін келтіреді.

Көп таралған бейнелердің ішінде тоңазытқыштың есігін шертіп, күй ойнағандар болды. Оқырман күйшіге (орындаушыға) «жібер тоңазытқыштың басын», «тоңазытқыштың құлағында ойнайды» екен деп түрлі эмоцияларын жеткізіп жатты. Тіпті күйді қапталған күрішпен де тартты. Автордың айтуынша, сонда 5 кг күріш дәмді болып піседі.

Макси шаймен, гориламен, қаламмен, жемішкемен көрдік. Тағы не бар?

Енді бірі «ұлттық аспаптарымыз көбейіп жатыр» деді. Ешкімнің ойына келмеген заттың бірі «теннис ракеткасы» болды. Адай күйін орындаған шеберге біразының жаны ашып «саусағы аман ба екен» деді сондай-ақ «мен бұл өмірде көп көріп қойған сияқтымын», деп пікір жазды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago