Categories: Білім

Талап өзгерді: мектеп формасы қандай болуы керек?

Білім министрлігі мектеп формасына қойылатын талаптарды өзгертті.

Ұлдардың мектеп формасы мынадай:

пиджак, жилет, шалбар, көйлек, күнделікті жейде немесе түймелері әлде сырмалы құлып бар тоқылған куртка/кардиган, поло жейде немесе футболка (қысқы кезең: тоқылған жилет). Ер балаларға арналған шалбар, ұзын және аяқтың тобығын жабуы керек.

Қыздардың мектептегі киім үлгісі мынадай:

пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық блузка немесе түймелері әлде сыдырмалы құлып бар тоқылған куртка/кардиган, поло жейде немесе футболка (қыста: тоқылған жилет, сарафан). Бос және ұзын қыздарға арналған шалбар аяқтың тобығын жауып тұруы шарт. 

Сонымен бірге, киім үлгісіне (ұлдарға ақ көйлек, қыздарға ақ блузка) қойылатын талап алынып тасталды.

Сонымен қатар галстук енді міндетті элемент емес.

Мектеп формасына ерекше белгілерді: эмблеманы, патчты, шевронды және басқа да орта білім беру ұйымдарының атауларын орналастыруға рұқсат етіледі.

Мектеп формасына арналған маталар ретінде тозуға төзімділігі жоғары, бактерияға қарсы, микробқа қарсы және антистатикалық қасиеттері бар жартылай жүн және мақта маталарды қолданған жөн. Бұрын бұл міндетті талап болатын.

Мектеп формасы мәселелерін талқылауға балалардың ата-аналары мен басқа да заңды өкілдері, мектептің өзін-өзі басқару мүшелері, қамқоршылық кеңесі және ата-аналар комитеті қатысып, өз ұсыныстарын енгізуі көзделеді.

Мектеп формасының стилін және белдемшенің ұзындығын таңдауды орта білім беру ұйымы және жалпы мектеп ата-анасының хаттамасымен бекітетін кеңес (қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектептің өзін-өзі басқару органы) анықтайды. 

Бұл ретте білім беру органдары отандық өндірушілерден мектеп формасын сатып алуды ұсынуы мүмкін, бірақ олар мектеп формасын шығаратын жекелеген өндірушілерге артықшылық бере алмайды.

Мектеп формасын сатып алғанда, ата-аналар өндірушіні таңдауда тәуелсіз.

Бұйрық 2023 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

6 дней ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

4 недели ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago