Categories: Оқиға

Талдықорғанда өз қызын зорлаған педофил 20 жылға сотталды

6 қаңтарда Талдықорғанда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жас қызға озбырлық көрсетті деген күдікке ілінген 37 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды. Тергеу амалдары 2022 жылғы тамызда жергілікті тұрғынның арызына сәйкес, ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша басталды. Әйел күйеуін өзінің 11 жасар қызына сексуалдық зорлық жасады деп айыптады.

Ер адам ұсталып, полицияға жеткізілген. Күдіктінің бұрын бірнеше рет жауапқа тартылғаны және жазасын пенитенциарлық жүйенің мекемелерінде өтегені анықталды. Тергеу шеңберінде дәлелдемелік база жиналып, бірқатар сараптамалар жүргізілді, олардың нәтижелері қылмыстық іс материалдарына заттай айғақ ретінде қоса тіркелді. Нәтижесінде істі сотқа жібере отырып, айыптау актісі жасалды,

деді Талдықорған қаласы ПБ бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, ең жоғары қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтей отырып, 20 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago