Атақ және ақша

Талдықорғандықтар «Алдараспан» театрының концертінде шу шығарды

Талдықорғанға гастрольдік сапармен барған «Алдараспан» театрының әртістері көрерменнің сынына қалды. Айтуларынша, театр ұжымы концертке бір сағатқа кешігіп келген.

Концерт біткеннен кейін қала тұрғыны әзілкештерге өкпесін жеткізді. 

1 сағат 20 минутқа кешігіп келіп, мына жерде әндетіп жатырсыңдар. Мына халықты сыйла. Талдықорғанға екінші рет мынадай жасамаңыздар. Сіздер екінші рет осындай жасап жатырсыздар. Концерттеріңізге келіп отырмыз. Билетті бір ай бұрын саттың ба – бір сағат бұрын осы жерде болуларың керек. Көздерің жанып тұрғанын көріп тұрмыз. Ер-азаматсыңдар ма, сөздеріңде тұрыңыздар!

деп ренжіді тұрғын.

Кінәсін мойындап тұрған Нұржан Төлендиев те халықтан кешірім сұрады. 

Айып – бізден. Халықтан шын жүректен кешірім сұраймыз. Ақталғым да келмейді. Айыпты шапанмен жуайық! Ағамыздың үстіне театр ұжымы атынан шапан жабамыз,

деп мәселені шешті.

Желі қолданушылары актердің тапқырлығын жарыса жазып жатыр. “Шымкенттік вариантпен шешіп кетті”, “Жалғыз Талдықорған емес, басқа жаққа да кешікпей барыңыздар”, “Концертті көрдік, өте жоғарсы деңгейде өтті” дейді желі қолданушылары. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago