Фото: ашық дереккөзден
Ауғанстандағы билеуші «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда экстремистік деп танылған және тыйым салынған) ауған әйелдеріне бұдан былай университеттерде оқуға тыйым салынғанын жариялады, деп хабарлайды BBC агенттігі. Білім министрлігі әйелдердің университеттерге кіруін шектеу дереу және белгісіз мерзімге енгізілгенін мәлімдеді.
Ауған университеттеріне қабылдау емтихандары үш ай бұрын өткен. Оқуға түскендердің арасында мыңдаған жас әйел бар.
Өткен жылы Талибан қыздарға орта мектепке баруға тыйым салған болатын. Осы жылдың наурыз айында шетелдік үкіметтер Талибанды қыздарға арналған мектептер жақында ашылуы мүмкін деген бірнеше сигнал беріп, сол күйі жабық қалдырғаннан кейін сынға алды.
Ауған университеттеріне қабылдау емтихандары үш ай бұрын өтті – оқуға түскендердің арасында мыңдаған жас әйел болды.
Алайда, олар оқи алатын пәндер мен мамандықтарға көп шектеу қойылды: ветеринария, инженерлік, экономика және ауыл шаруашылығы саласын әйелдердің меңгеруіне тыйым салынды, ал журналистикаға тіпті айрықша шектеу қойылды.
Өткен жылы Талибан Ауғанстанда билікті басып алғаннан кейін, университеттерде ерлер мен әйелдер үшін бөлек оқыту және бөлек кіру тәртібі енгізген. Бұл жағдайда әйелдерге белгілі бір жастан асқан басқа әйелдер немесе ер адамдар дәріс берген.
Бірнеше апта бұрын елде әйелдер құқығын қорғаушы Зарифа Ягуб пен тағы үш адам ұсталды. БҰҰ мен басқа ұйымдар олардың босатылуына қатысты үндеу айтқанымен, талибандар бұған еш жауап берген жоқ.
Өткен аптада Ауғанстандағы футбол стадионында мыңдаған көрерменнің алдында 12 адам, оның ішінде үш әйел қамшының астына алынды.
Ал қараша айында Кабул тұрғындарына қалалық саябақтарға кіруге тыйым салынды. Талибандар мұндай әрекеттер шариғат нормаларын бұзады деп есептейді екен. Шамамен сол кезде әйелдерге Ауғанстан астанасындағы бассейндер мен спорт залдарына баруға тыйым салынды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…