Атақ және ақша

Танымал актер Асқар Жұмабек 6,5 жылға сотталды

Алматыда танымал актер Асқар Жұмабекке сот үкімі шықты, деп хабарлайды Kazinform

№2 Бостандық ауданының сотында меймандарды ұрып-соққан караоке-бардың қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушыларға бұзақылық жасады, бұзақылық пиғылда бір топ адамның денсаулығына қасақана ауыр және орташа зиян келтірді деген айып тағылды.

Сотта анықталғандай, былтыр 28 желтоқсанда қаладағы караоке-барлардың бірінде қонақтар мен мекеме қызметкерлері арасында жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан.

Осы мекеменің күзетшілері мен ди-джейі, сондай-ақ барда болған олардың таныстары жәбірленушілерді ұра бастаған, олар қашуға мәжбүр болған.

Алайда сотталушылар оларды көшеде қуып жетіп, төбелесті жалғастырған.

Салдарынан бес жәбірленушінің екеуіне ауыр және орташа деңгейде денсаулығына зиян келген. Төбелес кезінде сотталушының бірі пышақ қолдануға тырысқан,

деп хабарлады соттан.

Сотталушы Асқар Жұмабектің бұрын да адам ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Сотталушылардың кінәсі куәгерлер мен жәбірленушілердің айғақтары, сот сараптамасы қорытындысы, бейнебақылау камерасына түсіп қалған бейнежазбалар арқылы расталды,

деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

Сотталушылар өз кінәсін мойындаған жоқ. Жәбірленушілер де кешірім бермеді.

Прокурор оларды 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот үкімімен Ж., Қ., Т., С., Р., Н. және К. Қылмыстық кодекстің 293, 106 және 107 баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Бәріне 6 және 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Асқар Жұмабекті бас бостандығынан айыру түріндегі жаза 6 жыл 6 ай 15 күн мерзімге тағайындалды, өйткені ол бұған дейін ҚР ҚК 107 бабы (адамды ұрып-соғу) бойынша кінәлі деп танылған.

Сонымен қатар, соттың алдыңғы үкімі бойынша өтелмеген мерзіміне байланысты оған 15 күн қосылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Актердің өзі кінәсіз екенін айтып, Президентке видеоүндеу жасады.

Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, құрметті Президент, сізден өтініп, көмек сұрағым келіп тұр. Мына видеоны түсіруге мәжбүр болып тұрмын. Себебі басымда бір іс болып жатыр. Құрметті сот, өзім халықтың алдында жүрген адаммын, өнер адамымын, актермін. Сол себепті осы видео сізге жетеді деген үміттемін,

деді ол.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago