«Enigma» атымен танымал франциялық Реми Лучиди Гонконгта 68-ші қабаттан құлап қаза тапты. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлайды.
Француздық азамат бейсенбі күні кешке зәулім ғимаратқа кіріп, күзетшіге досына қонаққа келгенін айтқан. Күзетші оны тоқтатпақ болғанда ол тыңдамай жоғарыға көтеріліп кеткен.
Видеобақылау камерасындағы кадрдан Лучидидің лифтпен 49-қабатқа, кейін баспалдақпен жоғарыға көтеріліп бара жатқаны жазылып қалған.
Соңғы рет оның ғимараттың терезесін тоқылдатып, қызметші әйелді көмекке шақырып жатқанын көрген, кейін ол құлап, мерт болды.
Ремиді іздеген қауіпсіздік қызметкерлері кейінірек шатырдың люгі ашық тұрғанын байқаған.
Полицейлер ол пентхаустан тысқарыда тұзақта қалып қойып, елді көмекке шақырды деп болжап отыр.
Оқиға орнынан ер адамның камерасы табылды. Оған басқа да қауіпті трюктердің видеосы түсірілген.
Лучиди Instagram-дағы оқырмандарына қиын трюктер жасаған әсерлі видеоларын жиі бөлісіп отырған. Сондай-ақ ол Болгария, Колумбия, Франция, Дубай және Польшадағы биік ғимараттарға шығып, танымал болған.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…