Білім

Таныс-тамырсыз оқуға түсу өте қиын

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов кезінде қатты сынға алынған реформалардың бірі – магистратура мен докторантураға түсу емтихандарының форматын өзгертуге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, бұрын әр университет өз бетінше емтихан сұрақтарын әзірлеп, өздері емтихан қабылдап, тексеріп, оқуға қабылдау туралы бұйрық шығаратын.

Негізінде бұл әдіс өте жақсы, өкінішке қарай әзірге біз мұндай форматқа дайын емеспіз. Өздеріңіз білетіндей, бұрын ректорлық тізім болатын, таныс-тамырсыз оқуға түсу өте қиын еді. Не өзгерді? Біз магистратураға түсу емтихандарын ҰБТ сияқты бір орталыққа топтастырдық, емтихан қабылдау функциясын ректорлардан алып тастадық. Одан кейін электронды форматқа ауыстырдық,

деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, ол «грантты магистрантқа беру» жүйесін енгізгенін атап өтті. Яғни грант емтихан нәтижесі бойынша жиналған ұпайға қарай бөліне бастады. Осылайша ең жоғары балл жинаған талапкер грантқа ие болады да, университетті өзі таңдайды.

Сондай-ақ, 2021 жылы игерілмеген гранттар бойынша емтиханды тек жазда ғана емес, желтоқсанда да өткізуді ұйғардық. Бұл да білім алушыларға қолайлы болу үшін жасалды.

Докторантураға түсу емтихандарын да бір орталыққа топтастыру бойынша жұмысты бастағанына да тоқталды. Жоспар бойынша, емтихан қабылдауға қатысты біраз функцияларды ректорлардан алып тастап, келесіде оны тағы жалғастыру керек болған.

Сондақтан  докторантура бойыша әлі де біраз рисктер мен университеттердің ықпалы бар. Оны қосымша тағы қарау керек. Міне, бірер жылдың ішінде ондаған мың магистрант пен докторант оқуға түсті, тіпті оқуын аяқтап та үлгерді. Бұл реформалар жақсы өзгерістер әкелді деп ойлаймын.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago