Тараз қаласында теміржолшылар ереуілге шықты

“Қамқор Локомотив” компаниясының қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты. Олар бар болғаны 70 мың мен 120 мың теңгеге аралығындағы жалақыға күн көріп отыр. Тұрмыстың табы қысқан теміржолшылардың айтар уәжі көп.

Қазақстандағы ең ірі “Қамқор Локомотив” құрал-жабдықтар жөндеу кәсіпорнының 200-ге жуық қызметкері ереуілге шықты. Олардың алып отырған жалақылары мүлде мардымсыз. Басшылықтан еңбек өтілін ескеріп, жалақыны көтеруді талап етті. Қызметкерлер қойған талаптарды орындалмайынша жұмысқа шықпайтынын жеткізді. Олардың айтуынша, қазіргі жалақы бар болғаны 70 мыңнан 120 мың теңгеге дейінгі аралықта.

«Жігіттер! «Қамқор локоматив» тек қана біздің Таразда ғана емес, оның филалдары бүкіл Қазақстада бар. Осында жұмыс істеген жігіттер бригада құрып, қазір Петропавлда жұмыс істеп жүр. Барып келу билеті мен жататын орны және тамағын ДЕПО төлейді. Сондай-ақ олардың жалақылары 350-400 мың теңге аралығында. Біздің солардан қай жеріміз кем, жігіттер! Біздің айтып отырғанымыз жалақыны көтеру. Мәселен мен 5 разрядты слесар ретінде айына 380 мың емес, 350 мың теңге алайыншы мен мына жерде қонып тұрып жұмыс істеймін. Екі апта бұрын Шуға барғанда жұмысшылардан «айлықтарың қанша?» деп сұрадым. Үшінші разрядтың баласы «Айлығым 330 мың теңге», ал 5 разрядтың баласы «380-400 мың теңге» деп жауап берді,

деді жиында сөз сөйлеген азамат.

Сонымен қатар, жұмысшылар кәсіпорын ішінде жұмыс ақысын бірнеше есе арттыруды сұрап, өз ойларын ортаға салды. Ереуілшілердің айтуынша, жұмысшылардың жалақысы басқа кәсіпорындар мен филиалдардағы әріптестерімен салыстыруға келмейді. Сондай-ақ, олар өздері жұмыс істеу үшін кейбір техниканы сатып алатын көрінеді.

Жұмысшылардың қойған талабына «Қамқор Локомотив» ЖШС -cы тәуелсіздік күні қарсаңында сыйақы беруге уәде етті.

Тұтас ұжыммен өткен жиын барысында еңбеккерлердің жалақысын көтеру мәселесі талқыланады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмысшылар кәсіпорынның акт залына шақырылды. Олармен филиал басшысы Ілияс Лесбаев, сонымен қатар Тараз әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, қала прокурорының орынбасары Дастан Асқар, көлік прокуратурасының өкілі Жураев кездесіп, ымыраға келді.

Қазір жағдай тұрақты, қатысушылар жұмыс орындарына кетті. «Қамқор Локомотив» ЖШС жұмысы әдеттегідей жалғасып жатыр,

делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «Қамқор Локомотив» ЖШС бас директорының орынбасары Асан Нүсіпқұлов және ЖШС-ның өзге де өкілдерінен құралған жұмыс тобы құрылды. Олар алдағы уақытта шеруге шыққандардың талабын қанағаттардыруға күш салмақ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago