Categories: Оқиға

Таразда блогер атын жамылған қылмыстық топ ұсталды

Таразда жедел-тергеу іс-шараларының кешені барысында әлеуметтік желіде белсенді жұмыс жүргізген қылмыстық топтың жолы кесілді.

ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық топтың 9 мүшесі ұсталып, қамауға алынды.

Операцияға Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, Жамбыл облысының Полиция департаменті және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен ұзақ дайындалып, жедел-тергеу іс-шараларының кешенін өткізген.

Ведомствоның жедел қызметкерлерінің назарына бопсалаудың бірнеше фактісіне, қылмыстық текетірестерге, қала мен облыс аумағындағы кәсіпкерлерден қарыздарды қайтаруға қатысқан бір топ адам түскен.

Қылмыстық топтың жетекшісі соңғы кездері өзін қоғам белсендісі ретінде көрсетіп, жастарды тәрбиелеу жөніндегі патриоттық қозғалыстың атын жамылып, «қайырымдылық қоғамдық қорын» құрған. Ол қылмыс әлемінің серкесі имиджінен алшақтап, «әділеттілікті жақтаушы» блогер ретінде әлеуметтік желілерде белсенді бола бастаған. Қалада күзет машиналарының ілесіп жүруімен ғана қозғалған,

делінген ІІМ хабарламасында.

Қылмыстық топ басшысы өзінің қорына жарнаны кәсіпкерлерден алып отырған. Ерікті түрдегі жарна делінгенімен, кәсіпкерлерден ақша бопсалау бойынша қылмыстық схема жасалған, орнына «қылмыс әлемінен қамқорлық» уәде еткен. Жарна төлеуге келіспеген бизнес өкілдеріне қорқыту, зорлық әрекеттері қолданылған.

Полицияға топтың 9 мүшесі жеткізілді, 20-дан астам тінту жүргізіліп, «қаңтар» оқиғасы кезінде облыстық Полиция департаментінен ұрланған «Калашников» автоматы, екі «Макаров» тапаншасы, мылтық, травматикалық тапанша мен басқа да суық қару тәркіленді. Сонымен қатар қылмыстық топтан екі келіден астам есірткі алынды. Қылмыстық топқа қатысушыларға қатысты бопсалау, қару мен есірткіні заңсыз сақтау бойынша 12 қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда,

деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago