Оқиға

Таразда лауазымды тұлғалар арасында төбелес болып, подполковник қаза тапты

Таразда төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды тұлғалары төбелесіп, бір кісі қаза тапты. КТК телеарнасы хабарлағандай, оқиға жұма күні таңғы сағат алты шамасында қаладағы «Лаура» қонақүйінің маңында болған.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның қатты соққы алып, құлағаны анық байқалады. Соққы алған ер адам жедел жәрдем келгенше оқиға орында жан тапсырған. Қаза тапқан ер адамның қаладағы төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру және құтқару қызметінің бөлім басшысы екені анықталды. Ал соққы жасаған ер адам болса, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы болып шықты.

Күдікті ұсталып, қылмысын толық мойындады. Оқиға бойынша полиция қызметкерлері де, төтенше жағдайлар департаменті де ақпарат беруден бас тартқан.

Айта кетейік, қаза тапқан подполковниктің артында алты баласы қалды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago