Қазақ әдебиетінің алыбы белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жылдық мерейтойы халық жазушысының еңселі ескерткішінің ашылуымен басталды. Бұл туралы arainfo.kz хабарлады.
Ескерткіш Тараздағы Жамбыл даңғылы бойындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты ғимаратының алдында бой көтерген.
Ескерткішті Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Darhan Qydyráli, ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев, танымал қайраткер Амалбек Тшанов, Академик Ғарифолла Есім ашты.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.
Шерхан Мұртаза — саналы ғұмырын халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін дамытуға арнаған көрнекті тұлға, Халық жазушысы, қоғам қайраткері. Шерхан Мұртаза өзінен кейін мол әдеби мұра қалдырды. Оның жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады,
делінген құттықтау хатта.
Өз сөзінде Мұхтар Шаханов, Нұрлан Оразалин, Амалбек Тшанов, Жанғара Дәдебаев және өзге де азаматтар Шерхан Мұртазаның тұлғалық, қаламгерлік, қайраткерлік болмысына тоқталды. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ақұштап Бақтыгереева Шераға рухына арнап өлең оқыды.
Демеушілік қаражат есебінен жасалған ескерткіш қоладан құйылған. Тұғырдың биіктігі 4 метрге жуық, ал мүсіннің жалпы биіктігі 7,7 метр.
Ескерткіштің авторы — мүсінші Айдос Бүркітбаев. Оның жұмысы «Көне Тараз» қоғамдық қоры жариялаған байқаудың қорытындысы бойынша үздік деп танылған. Бұл тұрғыда шығармашылық зиялы қауым өкілдерінен комиссия құрылған болатын.
Ескерткіштің ашылу салтанатынан соң көпшілік жазушы рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…