Таразда жедел жәрдем кешіккеннен әйел қайтыс болды

Таразда 46 жастағы әйелдің туыстары оның өліміне жедел жәрдем қызметін айыптайды. Олардың айтуынша, медицина мамандары хәлі нашарлап көмекке шақырған адамға «ішімдік ішкенсің» деп күдіктеніп, уақтылы келмей қойыпты.

Людмила Остапенко үйінде жалғыз тұрған. Екі жыл бұрын оның жүрегіне ота жасалыпты. Ота сәтті аяқталып, әйел бүгінге дейін дәрі-дәрмек ішіп жүрген. Марқұмның жақындары ол өзін жақсы сезінетін дейді. Ал қайғылы жағдай күні 46 жастағы әйел инфаркт алып, жедел жәрдем шақырған. Олар орта есеппен жарты сағатқа кешігіп жеткен. «Соның кесірінен қызымнан айырылдым» дейді анасы.

Бір емес, үш мәрте телефон соққан. Сөйлеуге мұршасы болмай, жүрегі ауыратынын әзер түсіндіріпті. Ал олар «Сіз массыз ба?» деп қайта-қайта сұрай берген. Менің қызым ішімдік ішпегенін түсіндіре алмаған. Содан жедел жәрдем кешігіп жетіп отыр,

дейді Л.Остапенконың анасы Наталья Остапенко.

Марқұмның туыстары бұл шақырту бірінші санатпен есепке алынып, медицина мамандары 15 минутта жетуге тиіс еді дейді. Бірақ олар науқасты «Сен массың ба?» деп сұрақтың астына алып отырғанда уақыт өткізіп алған. Бір емес, үш бірдей диспетчер де осы сұрақты қайталай беріпті.

Ирина Шаевскаяның айтуынша, кейін жедел жәрдем көліктері бірінен кейін бірі келе бастаған. Бірақ ешбірі көмек көрсете алмапты. Сөйтіп шұғыл түрде кардиологиялық клиникаға алып кеткен. 46 жастағы әйелдің сол жерде жүрегі тоқтады.

Ал жедел жәрдем станциясының басшылығы бұл жағдайға қатысты нақты жауап бере алмады. Тек бірінші қоңырауды қабылдаған диспетчердің қызметінен шеттетілгенін мәлім етті.

Қоңырау екінші санатпен қабылданған. Өйткені науқастың өзі телефон соғып тұрды. Дегенмен қазір осы іске қатысты қызметтік тесеріс жүріп жатыр. Диспетчердің кінәсі бар-жоғы соның қорытындысы шыққанда белгілі болады,

деді Жамбыл облысы жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Гүлзахира Қызқараева.

Марқұмның жақындары бұл істі жай қалдырмаймыз деп отыр. Олар сот арқылы кінәлілерді жазалаумен қатар, қомақты материалдық шығын өндіруге бекінген. Олар бірауыздан сол қаражатты өзге жүрегі ауыратын жандарға үлестіруді ұйғарыпты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago