Categories: Қоғам

Тасбақа таситындарға жаза жоқ

23 мамыр – Дүниежүзілік тасбақа күні.

Қазақстаннан шетке тасбақа тасып сату жасырын табыс көзіне айналды. Бұл қылмыспен ұсталғандар көбінесе айыппұл төлеп құтылады.

14 мамырда жануарларды қорғаушылар митингке шықты. Олар елдегі заңның дұрыс жұмыс істемейтінін алға тартып отыр. Осы себептен кісі қолынан қаншама жануарлар қатыгездікке ұшырап жатқанын айтты.

Бұл ретте тасбақалар туралы айтып кетпеске болмайды. Қазақ халқы тасбақаны киелі санайды. Қазақта «тасбақаның дауылы» деген тіркес те бекер қалмаса керек.

Жойылып кету қауіпіне байланысты, тасбақа Қызыл Кітапқа енді.

Қазақстанда ортаазиялық тасбақалар кездеседі. Олар сарғылт-қоңыр түсті, ұзындығы 15-20 см, шөл өсімдіктерімен, бақша дақылдарымен, көпжылдық шөптер мен бұталардың көшеттерімен, жидектермен және бақтардағы жемістердің қалдықтарымен қоректенеді.  Қолайлы жағдайларда олар 50 жылға дейін өмір сүре алады. Сондай-ақ, Қазақстанда «батпақты тасбақалар» да сирек кездеседі.

Тасбақа сорпасы

Соңғы уақытта Қазақстандағы шөлейт аймақтарды мекендейтін ортаазиялық тасбақаларды аулап, шетке сатып, табыс көзіне айналдырып алған жандар көбейді. Ресейдің Барнаул, Новосибирск сияқты ірі қалаларында өз клиенттерін таңсық дәм – тасбақа етінен әзірленген сорпамен қызықтыратын мейрамхана қожайындарынан тасбақаға сұраныс көп көрінеді.

Полиция өкілдері «тасбақа таситын контабандистерді қылмыстық жауапкершілікке тарта алмаймыз» дейді. Әдетте мұндай жандардың қылмысы әкімшілік құқық бұзушылықпен ғана шектеледі екен. Айыппұл небәрі 2 АЕК құрайды, яғни 6900 теңге.

Тасбақаларды түрлі мақсатта қолданады. Біреулер үйіне апарып ойыншық қылып, артынша лақтырып тастайды. Ал қалғандары ұстап алып, артынша жақсы ақшаға сатуды ойлайды. Көбінесе оларды жануарлар дүкендеріне, базарлар мен ресторандарға өткізеді екен. Заң жүзінде жауапкершілікке тартылмайды. Сондықтан болар хабарландыру сайттары осындай жарнамаларға толы.

Тірі экспорт тауары

Көбінесе тасбақаларды контрабандалық жолмен шетелге сатады екен. Ресей мен Қытай алдыңғы тізімде. Оларды ет ретінде немесе үй жануары ретінде сатып алатын көрінеді. Әрине, ресми статистика жоқ, алайда табиғатты қорғау ұйымдарының өкілдері жыл сайын Қазақстаннан Ресейге он мыңдаған тасбақалар жеткізілетінін айтып дабыл қағып отыр.

Бұл үшін жауапкершілік басқа. Себебі 1999 жылы Қазақстан құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық саудасы туралы конвенцияға қол қойды.

Енді ҚР халықаралық шарттарымен реттелетін жануарлар түрлерін заңсыз аулағаны, сатып алғаны, сақтағаны, өткізгені, әкелгені, әкеткені, тасымалдағаны және жойғаны үшін ҚР ҚК 339-бабы бойынша жаза тағайындалады. Яғни, 3000 АЕК айыппұл немесе үш жылға бас бостандығынан айыру.

Заңға қарамастан, аталмыш контрабанданы тоқтату мүмкін болмай отыр. Тәжірибелі қылмыскерлер тасбақаларды жасырудың шеберлері. Қораптарға, бөшкелер мен көкөністердің арасына тығып жіберіп, шетелге оп-оңай өткізіп ақшаларын тауып отыр.

Кеденнен өткен соң, әрі қарай оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Ал Өзбександа тасбақаларды шетелге шығару заңмен рұқсат етілген. Ресейге де шығара алады деген сөз.

Жабайы жануарларды заңсыз сату бизнестің өте тиімді түрі көрінеді. Ол есірткі, қару-жарақ саудасынан кейінгі орында тұр.

Тасбақаны кім қорғайды?

Тасбақалар санының азаюы, олардың өмір сүру жағдайының нашарлауы және адамның қатыгездігі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа елдерінде де шешілмеген мәселенің бірі. Сондықтан 2000 жылдан бері Американың тасбақаларды қорғау ұйымының бастамасымен бұл мереке тойланып келеді. Аталған ұйымды 1999 жылы Малибу қаласының тұрғындары (АҚШ, Калифорния штаты) құрған болатын. Кейін бұл күн әлемнің басқа елдерінде де кеңінен аталып өте бастады. Мерекенің басты мақсаты – қала маңында тіршілік ететін тасбақа популяциясын қорғау.

Тасбақа орташа есеппен алғанда 200 жылдан астам уақыт өмір сүреді. Адамдар тасбақалардың ұзақ өмір сүруі олардың жай қозғалуымен байланысты деп ойлайды. Ал шындап келгенде, ұзақ жасауының құпиясы ішкі ағзаларына байланысты екен. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, тасбақаның ағзасы қартайған шағында да жас кезіндегідей жұмыс істейді.

Бұған қоса, тасбақаның өзге тіршілік иелерінен ерекшелігі – ұзақ уақыт қоректенбей, су ішпей жүре алатындығында. Арқасындағы мықты сауыты тасбақаны температуралық толқулардан сақтайды. Қыстың қатты аязы мен ақтүтек боранында, немесе жаздың аптап ыстығында олар терең ұйқыға кетеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

2 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago