Categories: Спорт

Ташкенттен төрт алтын!

Сонымен, Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды.

Осылайша, жалпы есепте Қазақстан құрамасы 2-ші (4 алтын, 1 күміс) орынға табан тіреді.

Бірінші орында Өзбекстан құрамасы тұр. Өзбек боксшылары чемпионатта 5 алтын 3 күміс медаль иеленді.

Қазақстанның бас бапкері Мырзағали Айтжановтың жалпы есепке көңілі толатын секілді. «Еңбек бәрін жеңбек» дейді ол.

Әлемдік турнирдің жеңімпаздары IBA-ның екі еселенген сыйақысын алады — 200 000 доллардан.

Сондай-ақ, Қазақстан бокс федерациясынан (ҚФС) жүлдегерлерімізге 100 000 доллардан қарастылыған.

Қазақстан құрамасы боксшыларының әлем чемпионатынан кейінгі гонорарлары:

1. Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейінгі салмақта чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);

2. Махмуд Сабырхан (54 келіге дейінгі салмақтачемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);

3. Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);

4. Нұрбек Оралбай (80 келіге дейінгі салмақта чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);

5. Дулат Бекбауов (67 келіге дейінгі салмақта вице-чемпион) – 100 мың доллар (шамамен 44,6 миллион теңге).

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago