Categories: Қоғам

Балаларын тастап кететін қаракөздер көп

Алматыдағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында қазіргі күні 120 бала тәрбиеленіп жатыр. Жыл басынан бері 40 бала орталыққа түскен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орталық ашылмай тұрып 80 бала болған, қаңтар айынан бері 40 бала келді. Көпшілігінің ата-анасы ішкілікке салынған, балаларына қарамаған. Бір отбасынан 7 бала түсті. Негізі 9 ағайынды, оның екеуі кәмелет жасына толған, ал жетеуі тапсырылған. Балалар қараусыз қалып, тамақ ішпеген, үй-жайы адам тұратындай емес.

Орталықтағы 120 бала 9 топқа бөлінген. Оның 30-ы уақытша тәрбиеленіп жатыр, яғни ата-анасы жуық арада алып кетуі мүмкін.

Ал 25-і — тұл жетім.

Кейбір баланың ата-анасы құқынан айырылған, кейбірінің әке-шешесі темір торда жазасын өтеп жүр.

Осы орталықта бес ағайынды бала бар. Ең үлкені 7 сыныпта оқиды, ең кішісі екі жаста келді. Әкелері жоқ, анасы 8 жылға бас бостандығынан айрылған. Сотталғанына бір жыл болған. Былтыр да, биыл да аналарымен балаларды кездесуге жібердік. Қалай жібермейміз? Анасын бала көруі керек. Алғаш кездесуге барғанда балалар да, анасы да бір-бірінен айырылмай, қатты жылап, сондай қиналды. Биыл барғанда кішкене жақсы қайтты. Былтырғыдай қатты жыламады. Анасы темір торда отырып, жиған-терген ақшасымен үнемі телефон соғып сөйлесіп тұрады,

дейді «Алматы облысы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» КММ директоры Роза Бекішова.

Тастандылар мекеніне бауырларын, туыстарын өткізген қаракөздер көп.

Бір қазақ жігіт бауырының бес жастағы баласын әкеп өткізді. Баланың әке-шешесі қайтыс болған екен.

Сонда ана бала ағасының аяғынан құшақтап алып, ажырамай қатты жылады. Еш нәрсеге қараған жоқ, ол кісі баланы тастап кетті. Өкінішке қарай, туыстарының қараусыз, жетім қалған балаларын әкеп тастайтын қазақтар бар.

Кейбір бала әке-шешесіне керек емес екенін де біледі екен. Мұндағы 120 баланың отызының әке-шешесі ата-ана құқынан айрылғандар.

Кейбірі некесіз отбасында өмірге келгендер. Аналарының көпшілігі азаматық некеде немесе бірнеше ер адамнан туылған ағайынды балалар.

Ал патронаттық тәрбиеге алушылар үшін нақты бір міндет пен талап қойған заң жоқ. Балалар үйінен баланы кез келген уақытта алып, ойына келген кезінде қайтарып әкеп тастайды екен. Онсыз да тағдыры қиын балалардың психологиясына ауыр тиеді дейді мамандар.

Орталықта биыл 9 және 11-сыныпты 25 бала бітіреді. Барлығы да өнерлі, дарынды. Мекеме мамандары бірін бауырына басып, бірінің маңдайынан иіскеп, енді бірінің емтиханын күтіп, оқу орындарының есігінде жүр. Үйдегі ата-ана бас тартқан бала түздегі аналарының мейірімен үлкен өмірге қанат қағып жатыр.

Мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Тамақтан да, киімнен де шектеу жоқ. Бір ғана дүние жетіспейді. Ол ешбір дүниемен алмастыруға келмейтін ғажап сезім – ана махаббаты. Қанша жерден аялап, еркелетсек те, оларға өз анасы керек,

дейді орталық басшысы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago