Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда жылына 400-ге жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қайтыс болады. Ай сайын орта есеппен 120 зорлану, 5200 соққыға жығылу, 14 өлтім және 48 әйелдің өз-өзіне қол салу фактілері тіркеледі.
Колонияда кісі өлтіру бойынша жазасын өтеп жатқандардың 70% күйеулерін өлтіргені үшін сотталған. Бұл тек ресми статистика ғана. Қоғамның алып-қашпа әңгімелерінен қорқып, полиция көмегіне жүгінбегендер қаншама.
17 жыл күйеуімнен таяқ жедім. Ең алғаш бірінші балама аяғым ауыр кезімде соққыға жықты. Өзі әскери қызметкер болатын. Жұмыс бабымен қайда жібереді, сонда көшіп жүрдік. Жұмыстағы ашуын мені ұрып шығаратын. Бір күні шыдамай, анама жылап бардым. Ол болса «ұят болады, таңдаған өзің, шыда» деп қайтарып жіберді. Туыстарымнан жылу көрмеген мені, одан сайын басынды. Күйеуіме енем қосылды. Енем мені табалаудан, күйеуім ұрудан шаршамайтын. Солай таяқ жеп жүріп 6 бала дүиеге әкелдім. Жүйкем тозғыннан өшімді балалардан алып, ұруды шығардым. Бір күні әпкем мені 6 баламмен қосып алып кетті. Күйеуімнен кеткелі 8 айдан асты.
Алғашында артымнан қалмай қойды. Машинаға күштеп салып алып, қаланың сыртына алып барып,қылқындырып, «мен сені өлтіремін» деп жанымды ала жаздады. Алдап-сулап әрең құтылдым. Екінші рет подъезде ұрып кетті. Мектептен балаларымды алып кетіп, көрсетпей қойды. Осыдан кейін Астанаға көшіп кеттік. Қазір әпкемнің бір бөлмелі пәтерінде 6 баламмен тұрамыз. Мен бала-шағамды асырау үшін жұмыс істеймін. Ал әпкем балаларыма қарап отыр. Отбасылық өмірде не күйеуімнен, не әке-шешемнен махаббат, жылу көрмегесін ажыраспай тұрып психологтың қабылдауына барып жүрдім. Нәтижесінде бұл қорлыққа енді шыдауға болмайтынын түсіндім. Қазір күйеусіз де бақыттымын. Балаларыммен байланысымды жақсартуға, өзіммен жұмыс істеп, дамуға тырысып жүрмін.
Сөмкеме пышақ, газбалон салып жүруге мәжбүрмін. Екі рет тұрмыс құрдым, екеуінде де жолым болмады. Бірінші күйеуімнен бір балам бар. Отбасылық жылулық сезбегесін ажырасуыма тура келді. Екінші күйеуім үйленбей тұрып, уәдені үйіп-төгіп берді. Ақшадан қиналмайсың, мен сені жақсы көремін, балаңа да, өзіңе де қараймын деген соң, мен де бақытты өмір сүргім келді, келісімімді бердім. Бірақ берген уәделерінің бәрі өтірік болып шықты. Екінші күйеуімнен екі бала сүйдім. Бірақ өмірім нашарламаса жақсарған жоқ. Еден жуып тапқан ақшамды араққа құртатын. Одан қалды масайып кеп ұратын. Балаларыма да тиісті. Дәл сол кезде полицияға хабарласамын, бірақ олар ешқандай көмек көрсетпеді. Отбасылық нәрсе ғой, ертең-ақ төсекте достасып аласыңдар деп, соққан қоңырауыма да, берген арызыма да жауап бермеді. 2 ай болды балаларымды алып үйден кетіп қалдым.
Еден жуып балаларымды асырап жүрмін. Бірақ ол мені әлі де жайыма жірберген жоқ. 1 апта бұрын ғана жұмыстан шығып бара жатқанымда күштеп, қаланың сыртына алып кетті. Аямай соққыға жығып, пышақпен өлтірем деп қорқытты. Ағатайлап жатып әрең құтылдым. Мекен-жайымды біліп алған соң, басқа пәтерге көшіп, жұмысымды ауыстырдым. Бірақ күнде кем дегенде 5 рет хабарласып, «тауып алып бауыздап өлтіремін» деп қорқытады. Әрбір таңым үреймен, қорқынышпен атады. Көшеге шықсам сөмкеме пышақ пен көз ашытатын газ балон салып жүремін. Кішкентай қалада тауып алуы әбден мүмкін ғой. Ертең маған бірдеңе болып қалса, балапандарым нестейді деп қатты уайымдаймын.
26 жасымда тұрмыс құрдым. Отбасылық өмірім сапалы болу үшін оң-солымды танып алайын деп, тұрмысқа шығуға қатты асықпадым. Жоғарғы оқу орнын бітіріп, мамандығым бойынша мектепте сабақ бердім. Солай жүріп күйеуімді кездестірдім. Ол да оқыған-тоқыған азамат болды. Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін. Осы адаммен бақытты болатыныма сенімді болдым. 3 жылдай тыныш өмір сүрдік. Балалы болған соң күйеуім маған дөрекі сөйлеп, айғайлауды бастады. Балам 1 жастан асқанда «неге құрбыларыңмен шығасың» деп алғаш рет қол көтерді. Жұмысым да жайына қалды. Сол кезден бастап аптасына кемі 2 рет ұрып, ашуланбаса басы аурады. Жақында ғана 2 қабырғам сынып, ауруханаға жатып шықтым. Отбасымды аман сақтап қалайыншы, балам жетім болмасыншы деп шыдап келдім. Бірақ қабырғамды сындыратын адам болашақта мені өлтіріп тынады деген тоқтамға келдім. Қазір ажырасудың қамына кірісіп жатырмын.
Жақында құқық қорғаушылар ұзақ жылдан бері айтып келе жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға түзетулер енгізілді.
Қабылданған түзетулер бойынша:
Бірақ Қазақстанның қазіргі жағдайында бұл өзгерістер мәселені қаншалықты шешетінін дөп басып айту қиын.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…