Categories: Саясат

Таяуда Смайыловтың «премьерлік тағдыры» шешіледі

Әлихан Смайылов премьерлікті ешкімге бергісі келмейтіні жөнінде ақпараттар тарап жатыр.

Жалпы қазір үкіметті кім басқарады деген сұрақ «ауада ілініп тұр». Сайлаудан кейін кабминді Жұманғарин басқарады екен деген бір әңгіме шыққан. Кейін Досаев келеді екен деп те сыбыс тарады. Алайда Смайылов өз лауазымын ешкімге бергісі жоқ көрінеді. Бір ай бұрынғыдай өзінің премьерлік кестесін жоспарлап жатқан көрінеді.

Инсайдерлік ақпаратты ылғи жариялап отыратын телеграм-арналардың бірі Әлихан Смайыловты кабмин басшысы етіп бекіту ұсынысын Amanat партиясының фракциясы беретінін жазады.

Сайлаудың алдын ала қорытындысына қарағанда (Amanat бұрынғыша көп орын иеленетін) Смайылов үкімет басшысы болып қалатын секілді.

Осы ретте премьер-министрдің өз отставкасы жөнінде сұраққа берген жауабы да ұғыла түседі.

біз кез келген оқиғаға дайынбыз, мемлекет мүддесі үшін әрдайым қызмет қылуға әзірміз

Қалатын мүмкіндігі бар ма?

Смайыловта кабминде қалатын мүмкіндік бар-жоғын түсіну үшін Қазақстанда премьер-министрді тағайындау механизмі қалай жолға қойылғанын еске түсіріп көрейік.

Заң бойынша кезектен тыс сайлау өткеннен кейін парламенттің төменгі палатасы жасақталып болған соң үкімет өз қызметін тоқтатады.

Содан кейін Конституцияға сәйкес, Қазақстан президенті жаңа премьер-министрдің кандидатурасын мәжіліске ұсынады. Бірақ оған дейін мемлекет басшысы саяси партиялардың фракцияларымен кандидатура бойынша консультация өткізеді.

Сол тұста дәл Amanat Смайыловтың кандидатурасын ұсынады деген сөздер айтылады.

Amanat партиясынан бөлек, мәжіліске басқа парламентке өту үшін қажетті 5 пайыздық дауыс шегін еңсерген басқа да партиялар – «Ауыл», «Республика», «Ақ жол», Қазақстан халық партиясы және ЖСДП кіреді. Бұл партиялардың депутаттары да министрлер кабинеті басшысының кандидатурасы бойынша өз ұсыныстарын енгізуге құқылы. Бірақ Amanat парламенттегі көпшілік партия болып қала беретінін, сондықтан оның дауысы басқалардың бәрінен жоғары әрі шешуші болады.

Президент фракциялармен келіскеннен кейін премьер-министрдің кандидатурасы туралы ұсынысты палатаға енгізеді. Мәжіліс палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен президентке келісім беруі керек.

Осы процедурадан кейін тағайындалған премьер-министр 10 күннің ішінде үкіметтің жаңа құрамын ұсынады.

Смайылов несімен есте қалды

2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін бірден тағайындалған Смайыловтың премьер-министрлігі – елдегі ең жоғары инфляциямен есте қалайын деп тұр. Былтыр жыл соңында ол 20,3%-ға жетті. Елде азық-түлік қатты қымбаттап кетті. Үкіметтің инфляцияны тежеу ​​әрекетіне және Смайылов кінәлілерді «жазалау» жөнінде берген уәдесіне қарамастан халықтың шекесі әлі қызбай тұр.

Смайылов үшін сынақ көпіріне айналған мәседе – қант дағдарысы болды. Қант жетпей қалған уақытта Тоқаев бұл жағдайды үкімет үшін ұят жағдай деп атаған еді.

Риддер, Екібастұз бен Рудныйда қыста жылудың болмай қалған шақтары да Смайылов үкіметінің репутациясына кері әсер етті.

Қазақ-қытай шекарасын да ол реттей алмады. Шақырымдарға созылған кептеліс, жетпей қалған тауарлар мәселесі әлі «мұра» болып келеді. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев ол жерде әлі күнге дейін «мүдделі адамдар мен жемқорлар болуы мүмкін» екенін жоққа шығарған жоқ. Ал Қазақстан бюджеті табысын әлі жоғалтып, баға шарықтап барады.

Смайыловтың командасы алдыңғы премьерлердей Ұлттық қорды аяған жоқ. 2022 жылдың соңында премьер-министр президентке Ұлттық қордан алынатын қаражатты азайтуға уәде берсе де, 2023 жылдың көктемінде ол өз көзқарасын қайта қарап, бюджетті соңғы нақтылау кезінде 4 триллион теңге алуды жоспарлап отыр.

Әйткенмен, мұның бәріне Смайылов аса жабықпайтын сыңайлы. Өз жұмысын бағаларда көтеріңкі көңіл-күйі басым.

Былтыр өте қиын жағдайда болдық. Соған қарамастан нақты экономикалық өсім 3,2% көрсеткішке жетті. Бұл ретте екі халықаралық агенттік біздің тәуелсіз инвестициялық рейтингімізді растап, тіпті болжамымызды жақсартты. Жалпы, өткен жылы қиын жағдайға қарамастан экономикамыз тұрақты дамыды деп ойлаймын,

деді Әлихан Смайылов.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

22 часа ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago