Қоғам

«Тазалық тек жапондықтарға тән емес!». Стадионды жинаған жанкүйерлер көпшілікті сүйсінтті

Жексенбінің кеші қазақстандық спортсүйер қауым үшін ерекше өтті. Ел құрамасы Еуро-2024 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландия командасын қабылдады. Кездесу елордадағы «Астана Арена» стадионында өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

10 қыркүйек күні Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрама командалары арасындағы кездесуде «Астана Арена» стадионы лық толып, 30 мыңға жуық билет толығымен сатылып кетті.

Жанкүйерлердің белсенділігі ғана емес, олардың ауызбіршілігі де жұртты сүйсіндірді. Өйткені, матч аяқталғаннан кейін олар асығыс шығып кетудің орнына айналасын қоқыстан тазартты. Тазалық акциясына «Астана жастары» КММ еріктілерімен қатар жанашыр жанкүйерлер де атсалысты.

Аталған ойыннан кейін, Қазақстан ұлттық құрамасының жанкүйерлері, әрі еріктілер тобы алаңдағы қоқыстарды тазартып шықты.

Тазалық тек Жапондықтарға тән емес!,- деді жанкүйерлер. Олар осы арқылы жұрт назарын аударып, сүйікті қаламызда тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырғысы келді. Себебі қаламыздың құлпыруы әрқайсымыздың қолымызда,

делінген әкімдік ақпаратында.

Игілігі мол бұл бастаманы танымал блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушылары байқап, назарларынан тыс қалдырмады. Олар еріктілердің стадионды тазартып жүргені туралы парақшаларында оқиға орнынан кадрлар жариялап, игі істің насихатталуына ықпал етті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago