«Тазарту қажет» — Смайылов бизнеске қатысты заңнама туралы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте бизнестегі мәселелерді шешу, кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын негізсіз талаптарды қайта қарау және қысқарту жұмысы талқыланды. Бұл туралы Primeministr.kz хабарлады.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов 44 қызметтің 26 саласында реттеуші актілерді талдау жалғасып жатқанын хабарлады. Бұл жұмысты 2023 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Бұл ретте мемлекеттік органдар бұрын талданған 18 сала, оның ішінде ауыл шаруашылығы, құрылыс, мұнай өндіру, көлік және сауда бойынша құқықтық және заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу рәсіміне кірісті.

Премьер-Министр басқа салалардағы реттеуші актілерді талдауды тездету қажет екенін айтты және осы жұмысты жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Оның айтуынша, бизнеске қойылатын артық талаптарды жою үшін заңнамалық өзгерістер жедел енгізілуге тиіс.

Тездету керек. «Атамекен» ҰКП тарапынан қолдау тапқан және мақұлданған талаптар бойынша заңнаманы «тазарту» қажет: бұл нормаларды бұйрықтар мен қаулылардан алып тастау керек. Талдау жұмысы аяқталғанша күтпеңіздер. Қажетсіз талаптар анықталды ма? Жұмысын тоқтату үшін оларды жою бойынша дереу шаралар қабылдау қажет,

деді Әлихан Смайылов.

Кеңесте бизнестің проблемалық, оның ішінде Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырыстарында көтерілген мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды орындау барысы қаралды.

Бизнес Үкіметтің алдында проблемалары туралы мәселе көтереді, ал біз олар бойынша өз ұстанымымызды білдіреміз. Әркезде ортақ пікірге келе бермеуіміз де мүмкін, өйткені Үкімет бюджет мүмкіндіктерін, барлық әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып шешім қабылдайды. Бірақ кәсіпкерлер қашанда келіспейтін тұстарын айта алады. Біз диалогқа дайынбыз, осы тақырыптарды талқылап, келісілген шешімдер қабылдаймыз,

деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр мемлекеттік органдардың жұмысындағы мәселелер бойынша нақты кесте құруды және жыл соңына дейін олардың Ұлттық палатамен бірлесіп қаралуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұл процеске серпін беріп, шешім қабылдау мерзімін қысқарту керек. «Темірді қызған кезінде соқ», мәселелерді қазір шешу керек. Түптеп келгенде, біз кәсіп иелері тиісті жобаларын іске қосып, жұмыс орындарын құруы және елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартып, халықтың табысын арттыруы үшін оңтайлы бизнес ахуал қалыптастыруға жұмыс істейміз. Барлық мемлекеттік органдар, біздің барша әріптестеріміз осыны ескеруі тиіс,

деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Талқылауға Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов және тағы басқалар қатысты.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago