Теңгенің болашағы: Ұлттық валютаның бүгінгісі қандай?

Доллар индексінің рекордтық өсуі, мұнай бағасының күрт төмендеуі дамушы елдердің валюталарына қысым жасап жатқаны рас. Қазақстандық теңгеге де тигізер әсері жоқ емес.  BES.media сайты әлемде болып жатқан оқиғалардың ұлттық валютаға әсері жайлы сарапшылардың ойын жазған еді.

Теңгенің нығаюы екіталай

Jusan Analytics басшысы Владислав Туркиннің ойынша, қазіргі курстың дамуы екі жақты факторға байланысты. Ішкі және сыртқы мәселелердің әсерінен қалыптасып отыр.

Ағымдағы бағамның жағдайы бірінші кезекте экономикалық факторларға байланысты. Одан бөлек нарық ойыншыларына да тікелей байланысты. Теңгенің нығаюы шикізат экспорты есебінен болмайды. Бұл ретте биыл сауда балансының рекордтық профициті орын алып отыр. Бағамды нығайту үшін тиісті экспорттық түсім валюта нарығында сатылуы тиіс. Яғни меншік иелеріне дивидендтер мен кірістерді төлеу, өздерінің күрделі және операциялық шығыстарын негізінен теңгемен өткізу үшін теңге сатып алуға негіз болуы тиіс.

Алайда, шикізат компанияларының көпшілігі шетелдік иелікте. Сол себепті меншік иелері кірістерді сол валютамен төлеп, шығыстарды негізінен сыртқы компаниялар арқылы жүзеге асыруға мәжбүр. Шикізат экспортының басқа бөлігі Ұлттық қор арқылы өткендіктен, ол да валюта нарығынан шығарылған. Себебі мемлекеттік шығыстарды қаржыландыру шеңберінде кері айырбастау есебінен ғана түседі.  Осылайша, біз шикізат экспортының рекордтық кірістеріне қарамастан, импорттың өсуі есебенін ғана теңгеге сұраныстың артуына қол жеткізе аламыз,

деп түсіндіреді ол.

Jusan Analytics болжамдары бойынша жыл соңына дейін, теңге бағамы қазіргі жағдайда бір доллар үшін 495 теңге болып сақталуы мүмкін. Теңгенің әлсіреуіне мұнай бағасының төмендеуі, импорттың өсуі, сондай-ақ шетел валютасына сұраныстың тым артуы әсер етуі мүмкін.

Орыс рублінен ажырау басты фактор емес

Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының (AERC) бас директоры Жәнібек Айғазин теңгенің рубльге тәуелділігі жоғалып баратынын айтты. Бұл жақсы көрсеткіш болғанымен, ұлттық валютаны тұрақтандыру үшін жеткіліксіз фактор.

Теңге ұзақ уақыт бойы рубльдің көлеңкесінен шыға алмай жүрді. Біз оның траекториясы бойынша қозғалдық және барлық сыртқы соққыларды рубль арқылы қабылдадық. Қазір рубль өз жолымен кетті. Сырты саудада соңғы жеті ай ішінде Ресейдің үлесі 25%-қысқарды. Былтыр 18%-ға дейін төмендеген еді. Импорттағы үлес 41% — дан 38% — ға дейін төмендеді. Сондықтан теңгенің рубльден ажырауы басты фактордың бірі. Қазір теңге болжам бойынша қауіпсіз нысанға айналғаны байқалды. Доллар мен мұнай бағасының әсері қазірдің өзінде көрініп тұр.

Ертеңгі күнді болжау үшін ең алдымен әлемдік саясатқа, жаһандық экономикаға баға беру керек. Қазір әлем баяу даму сатысына ауысты. Қытай металдар мен отынды әлдеқайда аз сатып алуына байланысты, құрылыс секторы тұрақтанады. Инфляцияның өсуі қарқын алып барады. Жаһандық рецессияның да ауылы алыс емес. Инфляция экономиканың дамуын тежеу салдарынан басқа да қауіп туындайды. Артынан жұмыссыздықтың жоғары деңгейі мен экономикалық құлдырауға тап боламыз.  

Жағдай былай. Доллар әлем бойынша қымбаттап бара жатыр. Яғни дамушы елдердің валюталары кез келген жағдайда құнсызданады деген сөз. Долларға деген сұраныс ең тиімді және қауіпсіз актив ретінде де артады. Біз енді ғана дамып келе жатқан мемлекет болғандықтан, инфляцияның торына түсіп қалмас үшін, экономиканың өсуін қамтамасыз ететін тетікті табуымыз керек. Үкімет жағдайды түсініп отырса, қажетті шаралар қабылдауы керек.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago