Теңгенің жайы не болады: перспектива мен қауіп

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов инфляция жөнінде орта мерзімді болжам жасап, валюта нарығындағы жағдай және базалық мөлшерлемені көтеру факторлары мен оның экономиканы несиелеуге тигізер әсері туралы айтып берді.

Базалық мөлшерлемені сақтау туралы қазіргі шешімдер 2022 жылғы мамыр-маусым аралығында өткен нәтижелі болжам негізінде қабылданған еді. Ұлттық банктің инфляцияға қатысты болжамы жоғарылады, солайша жыл соңына қарай 13-15% деңгейінде болуы мүмкін. 2022 жылғы наурыздан бастап геосаяси жағдайлардың шиеленісуі кесірінен, соның салдарынан Қазақстанның қаржы нарығына түсетін қысым күшейгендіктен Қазақстандағы инфляция үдей түсті. РФ-қа қарсы енгізілген санкциялар кесірінен жаһандық жеткізу тізбегіне қатысты проблеманың тереңдеуі әлемде өндірістің қымбаттауына әкеліп жатыр.

Осылайша, болжам бойынша шарттар кешенін және орта мерзімді перспективада инфляцияның баяулауын ескере отырып біз базалық мөлшерлемені 14% күйінде сақтап қалдық. Базалық мөлшерлеме контрциклдық бюджет саясаты мен сыртқы инфляциялық қысымның әлсіреуімен үйлескенде 2023 жылға қарай инфляцияны 7,5-9,5%-ке дейін бәсеңдетеді деп болжап отырмыз,

деді Ғалымжан Пірматов.

Бұл ретте Ресейдің орталық банкі инфляция мен геосаясат факторларына қарамастан, базалық мөлшерлемені төмендетуге курс алды. Кейбір эксперт Қазақстан мен Ресейдің орталық банктерінің базалық мөлшерлемесін салыстырады. Ресей банкі қаржылай тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 2022 жылғы ақпанда негізгі мөлшерлемені 9,5%-тен 20%-ке дейін екі еседен аса арттырған еді. Сосын экономика құлдырауына байланысты болып жатқан дефляция процестерін ескеріп, оны 9,5%-ке дейін төмендетті, деді Пірматов.

Бірнеше аптадан бері Ресейді дефляция болып жатыр. Кейінгі уақытта маусымдық түзетілген инфляция мақсатты көрсеткіштен төмен, бұл мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік береді.

Ресейдегі болжамдардан айырмашылығы сол, Қазақстанда рецессия күтілмейді. Керісінше, оң іскерлік белсенділік, сұраныс және тұтастай алғанда экономика жағдайында қосымша фискалдық ынталандыру аясында инфляция қысымы одан әрі артуы мүмкін. Сол себепті Ресей мен Қазақстандағы базалық мөлшерлемені салыстыру дұрыс емес,

деді Ұлттық банк басшысы.

Ұлттық банк болжамды инфляция мен орта мерзімді мақсатты көрсеткіштер арасындағы алшақтықты азайту үшін шаралар қабылдап жатыр. Инфляциялық таргеттеу мәні де осында.

Әзірше мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндіктерін көріп тұрған жоқпыз. Инфляция 2023 жылдың соңында мақсатты диапазонға сай келсе, мөлшерлеме төмендейді.

Ұлттық банк валюта саясатында айырбас бағамының еркін өзгермелі принциптерінен айнымайды және рубль курсын «ұстап тұрмайды». РФ-ке капитал қимылын бақылау шаралары енгізілген уақыттағы маусым айы бойы негізгі экспорт тауарлары мен энергоресурстарға деген бағаның жоғарылауы және импорттың қысқаруымен бірге рубль барлық валютағы, ең әуелі АҚШ долларына қатысты айтарлықтай нығайды. Бұрын енгізілген валюта шектеулерінің айтарлықтай жұмсарғанына қарамастан, Ресей рублі мұнай мен газ бағасы жоғарылағаны және импорт көлемі төмендегені арқасында нығая берді.

Бұл жерде теңгенің Ресей рубліне қатысты айырбастау бағамы тікелей қалыптаспайтынын, теңге мен рубльдің АҚШ долларына қатысты жеке-жеке әрекет етуіне тәуелді екенін түсіну керек. Теңге/рубль нарығы өз бетінше қалыптаса алатындай терең және өтімді емес. Бұл РФ пен ҚР арасындағы сауда дисбалансына және Қазақстан экспорттаушылары өнімін Ресейге теңгемен сатпайтынына байланысты. Ал ресейлік экспорттаушылар өзінің экспортының көп бөлігін Қазақстанға ресейлік рубльмен сатады. Соған сай, бұл РФ-та теңге сұранысының аз болуына әкеледі,

деді Пірматов.

Құбылмалы айырбас бағамы саясатын ұстану теңгерімсіздіктің жинақталуын жояды және елдің алтын валюта қорын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан рубльмен немесе басқа валютамен паритетке әсер ету үшін ұлттық валютаның айырбас бағамына қатысты манипуляция болмайды.

Бұл ретте ұлттық банк қаржылық тұрақтылыққа қауіп төндіреу үшін валюта бағамының шектен тыс құбылмалы жағдайында өзінің валюталық саудаға араласу құқығына ие күйінде қалады. Ұлттық банктің бұған дейінгі ресми мәлімдемелерінде айтылғандай, қысқа мерзімді перспективада теңге бағамының құбылмалы болуы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың не күтетініне және әлемдік нарықтағы жағдайларға байланысты болады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago