17 қазанда Иран билігі Тегерандағы «Эвин» түрмесіндегі өрттен қаза тапқандар саны сегізге жеткенін хабарлады. Түрме 16 қазанға қараған түні елдегі наразылық кезінде өртке оранған.
Иранның Mizan сот ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқыс оқиға салдарынан қаза тапқандардың аты аталмады, дегенмен олардың барлығы — ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқандар. Ресми дерекке сәйкес, өрт түрмедегі тігін цехында тұтқындар арасындағы жанжал кесіренен шыққан.
Алайда өрт кезінде абақты аумағында да атыс пен жарылыс дыбысы естілген. Атыс дыбыстары шыққан видеоны Iran international тәуелсіз агенттігі Twitter-інде жариялады. Ал түрме маңындағы бірнеше жарылыс пен көзден жас ағызатын газдың иісі шыққанын Иранның тәуелсіз ақпарат агенттігінің тілшісі де оқиға орнынан хабарлады.
Оқыс оқиғадан соң өрт кезінде сыбайлас жемқорлық үшін 10 жылға сотталған Иранның экс-президенті Мехди Рафсанджанидің ұлы түрмеде болмағаны анықталды. Сотталушының інісі жексенбіде Clubhouse әлеуметтік желісінде өрттің алдында ағасының үйіне кетуіне рұқсат етілгенін айтты. Iran international бұл факт «өрт қасақана жасалды» деген болжамға негіз болатынын атап өтті.
Тегерандағы Эвин түрмесі 1972 жылы ашылғаннан бері саяси тұтқындарды ұстаудың негізгі орталығы ретінде қызмет етіп келеді. 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін түрмеде көптеген ирандық зиялылар ұсталды, сондықтан оны «Эвин университеті» деп те атайды.
Иранның басты саяси түрмесіндегі өрт осы елде бесінші аптадан бері жалғасып жатқан наразылықтар тұсында болды. Ал митинг ислам киім үлгісін бұзғаны үшін ұсталған 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін басталды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…