Танымал әнші Роза Әлқожа өзіне қандай келін іздейтінін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол «Ұйқым келмейді» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Бағдарлама жүргізушісі Роза Әлқожаның ұлы Бейбарыс Қабадан «қашан үйленесің?» деп сұрады. Әншінің ұлы негізі отбасын құруға дайын екенін айтты. Ал әнші қандай келін қалайтынын бөлісті.
Енді мен қазір қыз көріп жүрмін. Қазақта күшті «қыз көру» деген дәстүр бар. Мен Барсқа (ұлы — еск.) «қазақ жылқы сияқты» деп айтамын. Адам бір жылқыны аларда да, оның тұқымына назар аударады. Бірақ адам жас кезінде жұбын таңдай алмайды. Сондықтан қазақтың бұрынғы дәстүрі дұрыс деп ойлаймын. Білетін жерден, өсіп-өнген жерден алған дұрыс. Өйткені ол тек баланың тағдыры емес, ол — менің үйімнің, немерелерімнің, менің тағдырым,
дейді өнер иесі.
Роза Әлқожа баласына қандай өсиет айтатыны айтты.
Өз адамыңды таңдаған кезде де, кәсіп таңдаған кезде де қасыңда білімді, ақылды, көзқарасы сәйкес келетін адам іздейсің ғой. Үйлесім деген нәрсе болу керек. Сондықтан асықпа деймін,
дейді ол.
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…