Categories: Дін

Телефон жөндейтін «сақалдыларды» тексеру керек — заңгер

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі, Президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі Айгүл Орынбек телефон жөндейтін «сақалдылардың» көбейіп, кейбір жерде халыққа қоқан-лоққы көрсететінін айтты. Ол Facebook желісінде жариялаған жазбасында смартфон мен телефон жөндеу орындарының көп бөлігін деструктивті діни ағым өкілдерінің иеленіп алғанын растады.

Осыған мысал ретінде ол жақында Атырау қаласында болған оқиғаның аудиожазбасын жариялады.

Аудионы жіберген әйел ұялы телефонын жөндету үшін осындай дүңгіршекке барады. Алайда, жөндеген адам телефонын сапасыз жөндеп береді. Әйелдің бірнеше рет шағымынан кейін сақалды жөндеуші оның телефонын жерге лақтырып жіберіп, шашып жіберген. Әйел полиция шақырмақ болып шырылдағанда тағы бір серігі келіп, «Аман қалғың келсе бұл жерден кет» деп қоқан-лоққы көрсеткенін айтады. Әйел қатты қорыққаннан сол жерден қашып кеткен. Айналасындағы адамдар оған көмекке де келмепті.

Заңгер аудиожазбадағы әйелдің дауысын әдейі өміріне қауіп төнбесін деп өзгерткенін ескертті.

2018 жылы Шымкент қаласында «телефон жөндейтін» дүңгіршектерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жігіттері жанын шығарып тұрып тазалап еді. Маған сол кезде шағым көптеп түсетін. Тіпті, «қысқа балақтылар» сол жерден университетке өтетін қыздардың киімдеріне дейін әңгіме ғып, доқ көрсетіп құтырып кеткен еді. Байтұрсынов көшесіндегі сол төңіректі «еншілеп», еркінси бастағанда Шымкентке ҰҚК басшысы болып Тасыбеков деген кісі жаңадан келіп, бір күнде аяқ-қолдарын бүктеп, тазартып тастаған еді. Бірақ қазір бұлар қайта көбейе бастады! Қаңтар бізге әлі сабақ болмады ма?

Неге бұларды қолдан құтыртып отырмыз? Өз елімізде емін-еркін, қауіпсіз жүре алмаймыз ба сонда?! Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстандағы бүкіл телефон жөндейтін «сақалдыларды» жіті тексеріп шығамыз! – делінген оның жазбасында.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago