Categories: Қоғам

Telegram сторис форматын іске қосады

Telegram мессенджері шілде айынан бастап қысқа оқиғалар функциясы – стористі іске қосады.

Мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуровтың айтуынша, қазір форматты тестілеу аяқталып жатыр. Пайдаланушылар үшін функция шілде айының басында қолжетімді болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Пайдаланушылар стористі кім көре алатынын таңдай алады және ол чат тізімінің жоғарғы жағындағы бөлімге орналастырылады. Сондай-ақ, оны «Контактілер» бөліміндегі арнайы «Жасырын» тізімде жасыруға болады.

Стористе фото, видео және жазбаларды өңдеп, басқа адамдарды белгілеуге болады. Бұған қоса, Telegram смартфонның алдыңғы және негізгі камералары түсірген фотолар мен бейнелерді бір уақытта жариялай алады.

Сондай-ақ, пайдаланушылар сторис уақытын 6, 12, 24 немесе 48 сағатқа дейін ұзарта алады немесе өз профилінде тұрақты түрде көрсете алады.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago