Categories: Оқиға

Теміртауда өгей әкесі пышақтаған бүлдіршіннің анасы мәлімдеме жасады

Теміртауда өгей әкесі 18 рет пышақтап өлтірген 2 жасар бүлдіршіннің анасы күйеуімен беттескісі келетінін айтты, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Әйел ер азаматтың баланы еш себепсіз неге мұнша азаптағанын түсіне алмай отырғанын жеткізді. Айтуынша, күйеуі балалар үйінде тәрбиеленген, бұрынғы әскери қызметкер, жұмыстан шыққанына біраз болған. Бірнеше жыл бұрын баланы өз атына жаздырып әйелмен заңды некеге тұрған. Екеуі тату-тәтті өмір сүріпті. Әйелдің өзі аспаз болып жұмыс істейді. 21-22-інші наурызда Қарағандыға екі күн жұмысқа кеткен. Күйеуі баласын қарап үйінде қалыпты. Одан мұндайды күтпедім дейді.

Ол маған хабарлама жазып отырған сәтте баламды баяғыда өлтіріп тастапты. Бұл 22 наурыз болатын. Видеоқоңырау шалайын деп едім ұйықтаймыз шаршадық деді, мен 23-і келетінімді айттым. Келгенде ол есікті ашпады, қоңырау шалып ем кілтті подьезге тастап өзі секіріп өлуге кеткенін айтты. Есікті ашып қан жоса болған баламды көрдім. Өлімші етіп сабап, 18 рет пышақтапты. Не себепті баламды осынша азаптады, соны білу үшін беттескім келеді,

дейді қаза тапқан баланың анасы Надежда.

Әйелдің айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында баланың бұдан бұрын да таяқ жегені туралы жалған ақпарат тарап, халық оны жаппай кінәлай бастаған. Алайда бұған дейін өгей әкесі балаға қол тигізбеді дейді. Айтуынша, қазір оған күдіктінің туыстары қоқан-лоқы көрсетіп жатқан көрінеді. Енді ол құқық қорғау органдарынан көмек сұрамақшы. Айта кетейік, 23-наурыз күні Теміртау қаласында пәтерлердің бірінен 2 жасар баланың азапталған денесі табылған болатын. Оқиға орнынан қашып кеткен 24 жастағы өгей әкесі келесі күні ұсталды.

Жас баланы өлтірді деген күдікпен Теміртау қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпелерін берді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабы, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде,

дейді Теміртау қалалық полиция департаментінің бастығы Мақсат Әшімов.

 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago