TikTok қолданушылардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеді?
TikTok шығармашылықпен айналысатын адамдар үшін, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаңашылдықтан хабардар ететін ортаны қауіпсіз етуге тырысады.
TikTok осы мақсатта платформа ережесіне сай келмейтін контенті анықтап, қажетті шаралар қабылдау үшін инновациялық технологияларды қолданып, үздік командалардың көмегіне жүгінеді.
Ережелер TikTok желісінің барлық қолданушыларына қатысты. Сондай-ақ бұл этикалық кодекс платформаның жұмысында да маңызды рөл атқарады.
Мәселен, мұндай саясат жастардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты, ересектерге арналған тақырыптар, ақпараттың шынайылығы, ұсынымдар таспасы үшін қолайлылық стандарттары және т.б. және әрбір бөлімде пайдаланушылар рұқсат етілген контенттің анықтамалары, түсіндірмелері және нақты мысалдары бар қосымша ақпарат ала алады.
Қазіргі таңда әлем бойынша TikTok қолданушыларының қауіпсіздігіне 40 000 астам адам жауап береді.
TikTokтың мазмұнды модерациялау тәсілі төрт тіректен тұрады:
TikTok өз пайдаланушыларына шынайылық пен адалдықты қамтамасыз ету мақсатында, жойылған бейнелер мен парақшалар туралы ақпаратты үнемі жариялап отырады.
Платформадан жойылған мазмұнның көлемі мен сипаты туралы ақпарат Қауымдастық ережелерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын ашылады.
2023 жылдың екінші тоқсанында келесідей жұмыстар атқарылды:
Қазақстанда:
Жасөспірім қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
TikTok-тың ерекше басымдығы — қауіпсіздік және платформаның ең жас пайдаланушыларына ерекше көңіл бөлу.
Айта кетейік, TikTok – тек 13 және одан жоғары жастан асқандарға ғана тіркелуге рұқсат етеді. Себебі тіркелу барысында, қолданушының туған жылы мен күні талап етіледі. Бұдан бөлек, модераторлар командасы 13 жасқа толмаған балалардың белгілерін ажыратуға бейімделген. Егер қауіпсіздік командасы тіркелген аккаунт кішкентай бала екенін білсе, бірден бұғаттайды.
TikTok 13 жасқа толмаған қолданушылардың санын ашық түрде жариялаған алғашқы ірі платформа. Осылайша 2023 жылдың екінші тоқсанында әлем бойынша 13 жасқа толмаған қолданушылардың 18 823 040 жазбалары жойылды. Сондай-ақ платформа 18 жасқа толмаған қолданушылар үшін келесі шектеулерді енгізді:
Жасөспірімдерге ата-аналар қалай көмектесе алады
TikTok жас қолданушылардың қауіпсіздігіне қаншалықты күш салса, ата-аналардың рөлі де соншалықты маңызды. Платформа дүкендеріне 12 жасқа дейінгі балалар кіре алмайды. Сондықтан балалар қолдануға тыйым салынған қосымшаларды жүктеуін ата-аналар қадағалай алады.
Сондай-ақ, ата-аналар «Отбасылық баптаулар» қызметін қолдана алады. Бұл арқылы TikTok-ты қолдану параметрлерін өзгертуге болады. Ата-ана өзінің парақшасын жасөспірімнің парақшасымен біріктірсе, келесі мүмкіндіктерге қол жеткізеді:
Бұдан бөлек, «Отбасылық баптау» қызметі арқылы кілт сөздерді орнатып, балаларыңыздың жасына сәйкес келмейтін контентті немесе тыйым салынған жазбаларды көруіне шектеу қоя аласыз.
TikTok ата-аналарға «Отбасылық баптаулар» қызметін пайдалануға кеңес береді. Алайда, аталмыш қызмет жасөспірімдердің жеке хаттамалары мен көрген бейнематериалдардың тарихын көруге рұқсат бермейді.
Цифрлы әл-ауқат
Платформа пайдаланушыларға көптеген құралдар мен ресурстарды ұсынады. Олар TikTok пайдалануға қанша уақыт жұмсайтынын жақсы түсінуге және бақылауға көмектеседі, сондай-ақ барлық аудиторияға сәйкес келмейтін контентті шектейді:
TikTok туралы
TikTok –қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған жетекші платформа. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…