TikTok Қазақстанда өкілдігін ашады

TikTok платформасы осы күзде Қазақстанда өкілдігін ашады. Бұл жөнінде Global Business Solutions (TikTok, Шығыс Еуропа) директоры Анастасия Панинаның Astana Media Week пленарлық сессиясы кезінде айтқанына сүйенген жергілікті БАҚ жазды.

«Көп жаңа контент пайда болып жатыр. Себебі Қазақстандағы аудитория шығармашыл, жұрт өзін жеткізу үшін платформаны пайдаланады. Платформа ретінде қауымдастығымызға жақынырақ болғымыз келеді. Сол себепті осы күзде Қазақстаннан өкілдігімізді ашамыз» деді Анастасия Панина.

Оның сөзіне қарағанда, TikTok кеңсесі Астана мен Алматыда орналасады. Онда платформаны өз мақсатына пайдаланатын серіктестер мен бизнес өкілдері жұмыс істейді.

Мамыр айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев белсенділер мен сарапшылар сынаған кибербуллинг туралы заңға қол қойған. Депутаттар «жасөспірімдерді интернеттегі әлімжеттіктен қорғайды» деп атаған заң әлеуметтік желі мен мессенжер иелерін бір күн ішінде заңға қайшы контентті жоюға міндеттейді.

Бастапқыда заң жобасында шетелдік әлеуметтік желілерін Қазақстаннан өкілдік ашуға міндеттейтін пункт болған. Кейін ол республикада заңды өкілін тағайындау туралы пунктімен алмастырылды.

Заң жобасына қарсы азаматтар билік кибербуллингті сылтауратып, оны «жағымсыз» контентпен күреске пайдалануы мүмкін деген қауіп айтқан.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

6 дней ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago