Білім

«TikTok мұғалімі 2023». Енді мұғалімдер TikTok-та жарысатын болды 

Байқауға TikTok-та аккаунты бар немесе ашуға ниетті барлық мектеп ұстаздары, колледждер мен жоғару оқу орындарының оқытушылары қатыса алады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен қысқа бейнероликтерді орналастыруға арналған жетекші платформа TikTok-та  #ҚазақстанМұғалімдерінемесе #УчителяКазахстанабайқауы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

TikTok-тағы танымдық контент қазақстандық әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, танымал болып кетеді. Мәселен, #кітапток хэштегі бойынша түсірілген әдебиет туралы бейнероликтер қазірдің өзінде ел ішінде 70 миллионнан астам қаралым жинап үлгерген. 
 
Осы жылдың 1 қарашасы мен 17 желтоқсаны аралығында өтетін байқау кезінде педагогтер қысқаша танымдық бейнероликтерді жүктеп салуы қажет. Бейнематериалдардың ұзақтығы 30 секундтан кем болмауы тиіс және оларды жариялау кезінде байқау хэштегтерін қолдану қажет: 

#қазақстанмұғалімдері немесе #учителяказахстана.

ТикТокпен жасалатын жобамыздың арқасында Қазақстан педагогтері жастармен, түрлі жастағы интернет пайдаланушыларымен өз білімдерін шығармашылық және одан да қызықты үлгіде бөлісу мүмкіндігін ашады деп үміттенеміз. Бір қуантарлығы, педагогтер шет қалмай, ғылым мен мектеп пәндерін кеңінен насихаттауда онлайн платформаларды өз игілігіне пайдалануда. Біз қазірдің өзінде Қазақстандағы TikTok трендтерінде көптеген дарынды мұғалімдерді көріп жүрміз. #ҚазақстанМұғалімдерібастамасының мақсаты – көп педагогтерді білім беруде жаңа шығармашылық әдістерді ашуға шабыттандыру, оқудың қызықты әрі көңілді екенін көрсету және еліміздегі білім беру мазмұнына қызығушылықты арттыру болып табылады,

деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Қазылар алқасының мүшелері құрамында жобаның амбассадорлары, TikTok платформасы мен Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері болады, олар байқау қатысушыларын төрт номинация бойынша бағалайды:

«ТикТок мұғалімі 2023». Мектептер мен колледждердегі мұғалімдерге арналған номинация. Бұл номинация бойынша күрделі ғылыми идеяны, деректі немесе тұжырымдаманы анық әрі түсінікті етіп көрсеткен ең креативті ролик авторы жеңімпаз бола алады.

«ТикТок оқытушысы 2023» Жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған номинация. Бұл номинация бойынша күрделі ғылыми идеяны, деректі немесе тұжырымдаманы анық әрі түсінікті етіп көрсеткен ең креативті ролик авторы жеңімпаз болады.

 «ТикТоктағы жаңалық». Байқау аясында жарияланған роликтерінің барлығы бойынша ең көп қаралым жинаған мұғалім жеңімпаз атанады. Оған мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатыса алады.

«Үздік бейнеролик». Байқау аясында жасалған бейнеролигі ең көп қаралым жинаған оқытушы жеңімпаз атанады.

Байқау жеңімпаздарына жақсы танымдық роликтер түсіру және TikTok-та дамуы үшін iPhone 15 смартфондары сыйлыққа беріледі. 

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago