Categories: Оқиға

TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды

Алматы тұрғындары «TikTok» әлеуметтік желісінде ақшаны алу және ұтыстарды банк аударымдары арқылы берумен онлайн құмар ойындар ұйымдастырғаны анықталды.

ҚР Қаржылық миниторинг агенттігінің Алматы қалалық департаменті әлеуметтік желіде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың әрекетін тоқтатты.

Тергеу барысында азаматтардың әлеуметтік желілерде 4 ай ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 миллион теңгеге жуық сомаға аса ірі көлемде кіріс алғаны дәлелденді.

 Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сот заңсыз ойын бизнесі саласында аса ірі көлемде кіріс алу арқылы осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған 4 тұлғаға қатысты істі қарауда.

ҚР Қаржылық миниторинг агенттігі әлеуметтік желілерде құмар ойындар ұйымдастыру заңсыз және ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңының нормаларына қайшы келетінін ескертеді.
Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago