видеодан кадр
Блогердің орысша сұрағы мен әкімнің қазақша жауабы жайлы блогер Жалғас Ертай жазған екен.
Былай дейді:
Көзге анық ұрып тұрған екі нәрсе бар: әкім де қазақша сөйлеуді қалқан еткен, блогер де орысша сөйлеуін талап етіп шабуылдаған.
Қандай проблема байқалады?
Тіл проблемасы қоғамды поляризациялап жатыр, ал бұл оқиғадағы екі актор да оны әрі қарай ушықтырмаса, жарасын жазуға бір қадам да жасамаған.
Әкімнің тілді қалқан етуі бір нәрсені аңғартады: билік, билік өкілдері, нақтырақ айтқанда — соңғы бірнеше айда екі бірдей облыс әкімі қазақ тілі проблемасын саяси технология инструменті деңгейіне көтерді. Фокус анық: мемлекеттік тілді білмесең, қандай өткір мәселе қозғамасаң да әйтеуір бетіңе соны басатын адам табылады. Бұл жақсы да, жаман да емес. Бұл — факт.
Негізі, мемлекеттік тіл проблемасы қоғамды поляризациялауын доғару үшін келісім керек. Бәрімізге ортақ, бәрі қабылдайтын. Әсіресе медиа тұлғаларға, көпшілік білетін адамдар қабылдайтын.
Орысша сұраққа қазақша жауап беру — норм! Бұл әрекет ешкімді және ешнәрсені кемсітпеуі керек. Егер қоғам, журналистер және блогерлер осы консенсусқа келсе, әкімнің алдын ала дайындалып келіп, қазақша білмегені үшін блогерді кемсітуге тырысқан әрекет нәтижесіз болар еді.
Ал қазір қандай картина көріп тұрмыз: блогердің тіл білмейтінін нүктесіне басамын деп әкім әбден дайындалды, ал блогер сол қақпанға түсті. Сосын, сол қақпанға түскеніне ренжіп, видеода «қайта-қайта қазақша сөйлеуге тырысты, бірақ керек жерде орысша сөйлеп кетті» деп кекетті.
Дәл осы кекету әрекеті әкімнің кемшілігі деп ойлаймын. Ол кекету қоғамдағы тіл проблемасын шешпеді, керісінше ушықтырды.
Ал әкім өз мақсатына жетті. Өзекті сұрақтарға жауап бермеді, қоғамдық пікірді екіге жарды.
Өкінішті.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…