«Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі Instagram-дағы сторисінде ағасының ұсталуына қатысты ойын жазды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бүкіл әлем қарсы шықса да, ағасын «соңғы деміне» дейін қолдайтынын айтқан.

Осы жолы үнсіз қалмаймын! Кімді өсектерлерін білмей отырғандарға таптырмас жағдай болыпты. Бәріңді Аллаға тапсырдым! Сүрінгенге жұдырық болған әрқайсының жазаларын осы өмірде берсін! Айтарым көп.

Бүкіл әлем қарсы шықса да, мен туғанымды соңғы деміме дейін қолдаймын! Қолымнан келсе, біраз нәрсе жасар едім бірақ бір Алланың өзі жеткілікті! Мына видеодан көрген өтірік геройлар туралы жазарым көп!,

деді ол.

Дина Төреәлі сонымен бірге ағасына қатысты жайтты кішкентай қыздарды зорлап жатқан педофилдермен салыстырған. 

Кім не десе де, аяқтан шалса да. Он у нас самый лучший и самый сильный! Алланың оған берген духы мен мінезін тартып аласыздар ма? Қолдарыңнан басқа не келеді? Қазақтың басқа мәселесін шешу ма? Жооооқ… Ары қарай ашып дым айтпай-ақ қояйын!

Қазақтың шырылдаған кішкентай 5 жасар қыздарын зорлап бостандықта шалқып жүрген педофилдерді солай ұстаңдар! Мықты болсаңдар! Тілімді қышытпай отырыңдар,

деді ол.

Еске салайық, бұған дейін әнші Төреғали Төреәлі сот шешімен 20 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу куәлігенен айырылған еді. Ол сотта болған жайттың бәрін мойындап, өз ісіне өкінетінін айтқан.

Анара Бауыржанқызы

View Comments

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago