Атақ және ақша

Тимур Балымбетов неліктен Төреғалимен сұхбаттасқысы келмейтінін айтты

Белгілі тележүргізуші, блогер Тимур Балымбетов Төреғали Төреәліден сұхбат алғысы келмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.

Мен Төреғалиді сұхбатқа шақырмас едім. Үнемі хайп қуып жүретін адамдар маған керек емес. Бір рет шу шығарған, кейін соны жүйелі түрде жасайтын адамдар менің форматыма сәйкес келмейді. Сұхбат деген адамды танып-білудің, оны басқа қырынан көрудің құралы. Сондықтан сенің сұхбатқа шақырған адамыңнан ел өзіне бір керегін алатындай, жоқ дегенде ой-танымы бірнеше сантиметрге өсетіндей болуы керек. Оның үстіне менің арнама, менің сұхбатыма көрермендер сұхбат берушінің танымалдығы, хайпы үшін келгенін қаламаймын. Әңгімелесетін адамды іздегенде ең алдымен «Бұл көрерменге не береді? Пайдалы бірдеңе айта ала ма?» деп ойланып, сараптап, сосын барып шақырамын,

деді Тимур Балымбетов.

Жүргізуші сондай-ақ, ешқашан ақы үшін сұхбат алмайтынын жеткізді.

Сұхбаттасатын адамың саған қызық болмаса, оған бар ынтаңмен дайындалып, қуана-қуана әңгімелеспесең, онда оның несі қызық? Қазір менің сұхбатыма ақша беріп шыққысы келетіндер бар. Кейде әйелім «Сенің сұхбатыңа келгісі келетіндерге «жоқ» демегенде осы уаққа дейін байып кететін едік» деп күледі. Мен өзіме ұнамаған адамдарды кейде басқа әріптестеріме жіберемін,

деді Балымбетов.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago