Спорт

Тимур Құлыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев «Олимпизм 365» Халықаралық Олимпиада комитеті комиссиясының мүшесі болып қайта тағайындалды, — деп хабарлайды Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Халықаралық Олимпиада комитеті президенті Томас Бах тиісті хатты Ұлттық олимпиада комитетіне табыстады.

Биылға арналған ХОК комиссиялары құрамын қарап, мен сізді «Олимпизм 365» ХОК комиссиясының мүшесі етіп тағайындауға шешім қабылдағаныма қуаныштымын. Комиссия жұмысына қосқан құнды үлесіңіз үшін алғыс айтамыз,

делінген хабарламада.

Айта кетейік, Тимур Құлыбаев — 2022 жылдан бастап «Олимпизм 365» ХОК комиссиясының мүшесі. Бұрын ол спорт арқылы қоғаммен байланыс және әлеуметтік даму жөніндегі комиссия деп аталған еді, онда ҚР ҰОК президенті 2017 жылдан 2022 жылға дейін комиссия мүшесі болды. 2022 жылғы қыркүйекте ХОК президенті Томас Бах ХОК комиссияларының қызмет бағыттарын қайта қарау және кеңейту нәтижесінде оның атауын «Олимпизм 365» ХОК комиссиясы деп өзгертті. 

Ал Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдар кезеңіне Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) вице-президенті лауазымына қайта сайланды. Сондай-ақ, ол — Ұлттық Олимпиадалық комитеттері қауымдастығының (ҰОКҚ) атқарушы комитетінің мүшесі. 

ХОК комиссия мүшелерін ХОК президенті Томас Бах тағайындайды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago