Categories: Саясат

Тимур Тілегенов азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болды

Тимур Тілегенов азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел кеңесте индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев азаматтық авиация комитеті төрағасының жаңа орынбасарын таныстырды.

Тимур Тілегенов 2021 жылы Францияның ұлттық азаматтық авиация мектебін (ENAC) әуе көлігін басқару мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, 2009 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша үздік бітірген.

Комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалғанға дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің әуе қатынасы және халықаралық әуе қозғалысын реттеу департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2009 жылдың қазанынан бастап 2019 жылдың қазанына дейін азаматтық авиациякомитетінде халықаралық қатынастар және әуе тасымалы бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы, аға мемлекеттік авиация инспекторы қызметтерін атқарған.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago