Categories: Қоғам

Тіркелмеген көлік мінетін жүргізушілер куәлігінен айырылады

ІІМ іске кірісейін деді. Бірқатар ереже бұзғандарға қолданылатын жаза қатаңдады.

11 қыркүйекте Әкімшілік кодекске енетін бірнеше түзету ресми жарияланды, олар 18 қыркүйекте күшіне енеді.

Негізгі өзгерістердің бірі ретінде Әкімшілік кодексте 590-бабтың 2-1-бөлігі пайда болуын атауға болады. Аталған нормаға сай тіркелмеген көлік мінгендер 20 АЕК (61 260 теңге) айыппұл төлейді, бір жыл ішінде тәртіп сақшыларының көзіне қайта түссе, бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Заң бойынша Қазақстанға шетелден келген көлікті он күн ішінде есепке қою керек. Алайда шетелдік нөмір таққан немесе транзиттік машинаны жылдап мініп жүргендер жетерлік. 18 қыркүйектен бастап оларға алдымен 10 АЕК (30 630 теңге) айыппұл салады, тұрғын одан кейін де көлігін тіркемесе, 20 АЕК төлейді немесе бір жыл мүлде машина жүргізе алмайдыі. Нөмірсіз жүргендерге де билік осы жаза түрін қолданады.

Еске салайық, биыл күз басында мемлекет басшысы ел аумағына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кірген машиналарды заңдастыруды ұсынды. Мұны іске асыру жолын қазір ІІМ қарастырып жатыр.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago