Тіркеусіз жүрген азаматтарға айыппұл салынады

Тіркелген жеріңізді тексеріп жүрмесеңіз, жауапкершілікке тартыласыз.

Елімізде азаматтардың тұрғылықты жері бойынша ресми тіркеусіз жүру фактілері жиілеп кетті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Заң бойынша әрбір азамат ол жеке тұрғын үй болсын, жалға берілетін немесе тұрақты тұратын басқа тұрғын үй болсын өзі тұратын жерде тіркелуі керек.

Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі жоқ адамдарға мемлекеттік қызметтерді және жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеуді қоса алғанда, басқа да қызметтерді пайдалану кезінде шектеулер қолданылады. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеусіз тұрғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабында 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға дейінгі жауапкершілік көзделген,

деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бұл бүгінгі күні 21 мың теңгені құрайды. Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті барлық азаматтарды заңға бағынуға шақырады.

Меншік иесі тіркеуден шығарып тастаған жоқ па, үнемі тексеріп отырған жөн. Тіркелген жеріңізді қараңыз. Егер Сіз тұрғылықты жеріңізді өзгерткен болсаңыз, онда сіз жаңа тұрғылықты мекен-жайға тіркелуіңіз керек. Бұл басқа қаладан келген студенттерге де қатысты. Сіз өзіңіздің оқу орныңызға тіркелуіңіз керек. Мұны мүмкіндігінше тез арада жасаған абзал.

Тіркелудің қарапайым әдістері:

Біріншісі, ХҚКО-ның кез келген бөлімшесіне жеке куәлікпен бару, сондай-ақ сол жерде келісім беру үшін тұрғын үй иесінің қатысуы жеткілікті.

Екіншісі, азамат тұрғылықты жері бойынша «электрондық үкіметтің» интернет-порталы арқылы тіркеуге өтініш бере алады. Ал үйдің иесі Egov порталы арқылы да келісім бере алады.

Үшіншісі, Халық банкімен бірге Appstore мен PlayMarket арқылы жүктеуге болатын банктің мобильді қосымшасында жеке басын растау, тіркеу және иесінің келісімі SMS-пароль арқылы жүзеге асырылады. Тіркеу процедурасы шамамен бір минутты алады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago