Титулы бар қыздар нарықта қымбат бағаланады

Бүгін бірқатар ресейлік телеграм арналарда «Ғалам аруы Қазақстан — 2022» номинациясы бойынша жеңімпаз Диана Тәшімбетованың ерсілеу видеосы таралып кетті.

Онда 19 жастағы Диананың жасы үлкен еркекпен аймаласып жатқаны байқалады.

Телеграм арналардағы ақпаратқа сай, Диананың бұл видеосы ол «Мисс Қазақстан — 2022» байқауына қатыспай тұрып, Дубайда түсірілген. Ол екі баласы бар үйленген еркекпен жүрген және өз құрбысының жігітін тартып алған. Видеодағы ер азаматтың Қазақстанда үлкен бизнестің иесі екені расталды.

Осыған орай қазақ тілді фейсбукта Диана Тәшімбетованы «Ғалам аруы Қазақстан – 2022» титулынан айыру, оның Қазақстан атынан халықаралық байқауларға қатысуына жол бермеу туралы петициялар пайда болды.

Бірақ «Мисс Қазақстан — 2022» ұйымдастырушы комитеті дер кезінде Диана Тәшімбетованы тәжінен айырған. Бұл – дұрыс қадам болды. Себебі, байқаудың өзіндік этикалық нормалары бар.

Болашақта осындай байқауға үміткер қыздардың тазалығы, өткен өмірі, немен айналысатындығы жіті тексерілмек. Себебі, эскортпен айналысатын қыздар осындай байқауларға үйірсек келеді. Оның нақты материалды себебі бар. Титулы бар қыздар бұл нарықта қымбат бағаланады. Және бай олигархтың ашынасы болуға мүмкіндіктері жоғарылай түседі.

Еске салсақ, Мисс Қазақстан атанған ару Диана Тәшімбетова байқаудан соң бірер апта өткеннен кейін әлемдік деңгейдегі конкурсқа қатыспақ түгілі тәжінен айырылып қалған еді. Ұйымдастырушылар тарапынан түсініксіз себептермен Ғалам аруына қатыстырмай қоюына Астарлы ақиқат бағдарламасына келіп шамданған ару байқау төңірегіндегі түрлі былықты жайып салған. Ол Алматыдағы элита санатынадағы мейрамханалардың біріне сол кездегі кастинг директоры Гүлжан Дәулетова финалға жеткен 12 аруды шақырғанын, конкурстан кейін қыздар сол жерге жабық кешке барған туралы айтқан. Диананың сөзінше отырыс барысында үлкен жастағы белгісіз ер азаматтар қыздармен уақыт өткізгісі келген. 

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago