ТМД бақылаушылары Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға кірісті

ТМД байқаушылары миссиясы Қазақстандағы сайлау науқанын бақылауға кірісті. Бұл туралы Атқару комитеті төрағасының орынбасары – ТМД Атқарушы хатшысы Ильхом Нематов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТМД байқаушылары миссиясы ұйымдастыру мәселелерімен, соның ішінде өңірлер бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді байқаушыларды бөлу, Қазақстанның сайлау заңнамасын бағалау мәселелерімен айналысатын штаб ашты.

Бүгін ТМД елдерінің байқаушылар миссиясы сайлау науқанын бақылауға кірісті. Оның басшысы – ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев.

деді Ильхом Нематов.

Миссия құрамына ТМД-ның барлық елдерінің өкілдері – 100-ден астам адам кіреді, оның 10-ы ұзақ мерзімді бақылаушылар.

Қазірдің өзінде 23 адам келіп, аккредитациядан өтті. Қазақстанға қысқа мерзімді бақылаушылар сайлауға екі-үш күн қалғанда келеді. Әрине, біз барлық өңірлер мен сайлау учаскелерін қамтуға тырысамыз.

деді Ильхом Нематов

Ол сондай-ақ барлық байқаушы топтарының жетекшілерінің қатысуымен үйлестіру кеңесі құрылатынын айтты. Миссияның қорытындысы 21 қарашада жарияланады.

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago