Мемлекет басшысы футболдан Солтүстік Ирландияны жеңген Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелеріне жылы лебізін білдіріп, елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісіне арнап жазба жариялады.
Ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның үздік командасына қарсы ойынын тамашаладым. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйерлері үшін қуаныштымын,
деді ел басшысы.
Сондай-ақ «Астана жастары» мен басқа да ұйым еріктілеріне алғыс білдірді..
Еріктілер ойыннан соң стадионда қалып, трибунадағы қоқысты жинап шықты. Футболшыларымыз бен жастарымызды мақтан тұтамын,
деп жазды Тоқаев.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия футболшыларын ұтқан еді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…