«Тоқаев қоятын мат һәм Ильхамның қазаққа әсері. Немесе Ильхам Әлиев Әлиевтердің (Рахат Әлиев, Арыстанбек Әлиев, Әли Әлиев) ішіндегі қазаққа жақсылығы ең көп сіңген Әлиев болуы мүмкін. Ол үшін бір қадам жасау ғана қалды», деп есептейді экономист Айбар Олжаев.
Айтуынша, Назарбаев Еуропа есігін Ресей арқылы 1996 жылы ашқан болса, араға 27 жыл салып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Еуропаға жаңа есікті Әзірбайжан арқылы ашайын деп тұр.
Қазақстан Ресейді Каспий теңізінің үстімен айналып өтіп, өзі тікелей Еуропаға шықпақ. Ол Әзірбайжансыз жүзеге аспайды. Себебі, Ақтаудан танкер/паромға тиелген жүк Бакуға барады. Қазір еліміз осы Орта дәліз (Миддл коридор) деп аталатын транзит жолына баса мән бере бастады. Әзірбайжанмен бірлесіп, Жол картасы жасалған болатын. Сол құжаттағы шаруалар орындалса, онда Ресейге логистикалық тәуелділіктен құтыламыз,
дейді Олжаев.
Ол нақты қандай жұмыстар?
Ол үшін, сарапшының пікірнше, бізге Қытайдан Каспийге баратын теміржол составтарының санын аптасына 24-тен 120-ға дейін өсіру керек. Сол себепті Ақтау портында жаңа контейнерлік хаб құрылысы басталған болатын.
«Достық-Мойынты» теміржол учаскесінде екінші рельстер салынады және Алматыны айналып өтетін темір жол жасалады. Сонда Қазақстан-Қытай көлік дәлізінің өткізу қабілеті 5 есеге өседі. Ал танкерлер флоты үшін Ақтау және Құрық порттарында тереңдету жұмыстары жоспарланды,
деп қосты ол.
Айтуынша, егер болашақта Миддл коридормен жылына 5 миллион тонна мұнай тасымалдай алсақ, басқа да диверсификация перспективалары ашылады.
Тағы бір тәтті бонус. Каспий теңізінен түбімен оптоволокно тартылады. Сонда Қазақстан интернетке Ресей арқылы емес, Еуропа жақтан шықпақ. Ол қазіргі жылдамдықтың үш есе көбейетінін айғақтайды,
деп пікір білдірді Олжаев.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…