Categories: Саясат

Тоқаев кешірді. Шетел нөмірлі көлік мінгендер мәз

Армения, Ресей және Қырғызстаннан келген машиналар есепке қойылуы мүмкін.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында елде жүрген шетелдік көліктер туралы айтты. Ол елге заңсыз жолмен машина әкелуді тоқтатып, бұған дейін жеткізілгендерді заңды тіркеуді ұсынды.

Бұдан кейін елге заңсыз жолмен автомобиль кірмеу үшін қатаң шара қабылдау қажет. Ал биыл 1 қыркүйекке дейін әкелінген машиналардың мәселесін шешу керек, 

деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мұндай көлікті заңдастыру үшін утиль алымы мен алғашқы тіркеу сомасының орнына 200–250 мың теңге мөлшерінде төлем алуды ұсынды. Бұл шешім іздеуде жоқ және кедендік рәсімдеуден өткен машиналарға қатысты.

Президент Қазақстанда шетелдік машиналарды тіркеуді ұсынып отыр, бірақ бұл шара қалай жүзеге асатыны, қазір қолданыстағы кейбір ережемен қалай үйлесетіні белгісіз.

Мысалы, біздің елде оң рөлді және Еуро-4 стандартына сай келмейтін көліктер бастапқы тіркеуге қойылмайды. Жақында жауапты мекемелер тиісті ұсыныстарын айтатын шығар.

Айтпақшы, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетелдік тауар саналады және кедендік бақылауда болады.

ҚР Мемлекеттік кіріс комитеті хабарлағандай, уақытша әкелінген көлік құралдарын кедендік тазартудан соң және тиісті кедендік алымдар мен салықтарды төлеген соң ғана сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға болады.

Ал уақытша әкелу мерзімі – 1 жыл.

Кедендік тазарту тәртібі туралы ақпаратты тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарынан білуге болады.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago